«Ресейлік партия керек емес»: Грузия халқы президентімен бірге митингіге шықты
Фото: Getty Images / Zurab Tsertsvadze
Грузиядағы парламент сайлауында билік партиясы «Грузин арманы» 53,92% дауыс жинады. Сайлау нәтижелерімен келіспеген оппозициялық партиялар жаппай наразылық шараларын өткізетіндерін жариялаған болатын. Қазір жұртшылық ереуілге шығып, Тбилиси полициясы ерекше әбігерге түсіп жатыр.
Orda.kz тілшісі мән-жайды саралап шықты.
Сонымен сайлаудан соң Грузияда оппозиция қайтадан парламенттік сайлау өткізу талаптарымен көшеге шықты.

Бұл бастама президенттің шақыруымен жүзеге асуда. Мыңдаған адам Тбилисидің басты даңғылы - Руставеллиді жапты.
Митингіге президент Саломе Зурабишвили де қатысты. Оппозиция мен президент «Ресейдің жақтасы» болған партияның сайлаудағы жеңісіне қарсы.
Олар «халықаралық сайлау әкімшілігі басшылығынан» жаңа сайлау өткізуді талап етіп жатыр.
«Грузин арманы» партиясына ресми түрде шамамен 1,1 миллион сайлаушы дауыс берді, бұл оған парламентте шамамен 88 орын алуға мүмкіндік берді. «Өзгерістер үшін коалиция», «Бірлік — Ұлттық қозғалыс», «Мықты Грузия» және «Гахария Грузия үшін» сияқты оппозициялық блоктар барлығы 37,5% дауыс жинап, 62 орын алады. Басқа партиялар бес пайыздық шекті жеңе алмай, парламентке кірмей қалды. «Грузин арманы» партиясының жеңісін жұрт құптамады. Оппоненттері партияны сайлауды қолдан жасады деп айыптады. Грузия президенті Саломе Зурабишвили сайлаудың өткізілгенін мойындамады.
«Мен бұл сайлауды мойындамаймын. Оны мойындау мүмкін емес. Бұл Ресейдің келуін мойындау, Грузия Ресейге бағынады дегенмен бірдей. Біз Ресейдің арнайы операциясының куәгерлері әрі құрбандары болдық. Бұл біздің халыққа, мемлекетімізге қарсы жасалған жаңа гибридті соғыстың бір түрі», — деді президент.
Зурабишвилидің пікірінше, дауыс беру нәтижелерін «Грузин арманы» партиясының пайдасына «толығымен қолдан жасап, жығып берген». Оппозициялық партия жетекшілерімен кездесуден кейін президент 28 қазан кешке Тбилиси орталығында өтетін наразылық митингін жариялады және бар азаматтарды шараға қосылуға шақырды.
Ал «Грузин арманы» партиясы Ресейге қатысты позициясына деген айыптауларды жоққа шығарып, өздерін «бейбітшілік партиясы» ретінде сипаттап, кремльмен конструктивті диалогқа ұмтылатынын мәлімдеді. Партияның алдын ала сайлау бағдарламасында премьер-министр және сайлау штабының жетекшісі Ираклий Кобахидзе ұсынғандай негізінен азаматтардың әлеуметтік жағдайы мен бюджет көлемін ұлғайту туралы айтылды. Партия тиімділігі туралы аргумент ретінде 2012 жылғы және одан кейінгі азаматтардың өмір статистикасын келтірді. Мысалы, 2012 жылғы бюджет көлемі 8,5 миллиард лари болса, 2024 жылы — 27,8 миллиард лариға жеткен. Сондай-ақ, оның айтуынша, партия арқасында жұмыссыздық 13% -ға дейін екі есе төмендеген.
Жаңалықтар
- Еліміздің кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру қалай жүріп жатыр?
- Желтоқсандықтарды қорлаған мұғалім жұмысынан айырылды
- Трампқа оқ атқан «үздік мұғалім» болып шықты
- Грузияда есірткімен ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін
- Алматыда жүк көлігі аударылып, жүргізуші қайтыс болды
- Шымкент қаласында екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
- Ресей өкілі Кирилл Дмитриев: Энергетикалық дағдарыс ЕО мен Ұлыбританияға экономикалық «цунами» әкеледі
- Ақтаудағы зауытта екі жұмысшы тұз қышқылына күйіп алды
- «Мені көздеген болу мүмкін» — Трапм өзі қатысқан іс-шарадағы атыс туралы мәлімдеме жасады
- Ұлытаулық 76 жастағы қария Парижге жаяу барды
- Трамп қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болды
- Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дензел Бентлидің сөзіне жауап берді
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды