Ресейдің Қазақстанға шектеу қойғанында тұрған ештеңе жоқ — вице-премьер Серік Жұманғарин
Фото: Gov.kz
Қазақстанның вице-премьері Серік Жұманғарин Ресейдің еліміз арқылы тауарлардың транзитіне қатысты енгізген шектеулерін пікірін айтты. Үкіметтегі брифингте ол онда тұрған ештеңе жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
«Мұндай жағдайлар әлемде болып жатыр. Онда тұрған ештеңе жоқ. Біздің өнімдеріміздің Ресей Федерациясы арқылы транзитіне бізге мұндай тыйым енгізілген жоқ. Ресей ауыл шаруашылығы жіберген қаулыда ол тыйым жоқ. Шын мәнінде, біз енгізген тыйым ішкі нарықты қорғауға байланысты емес. Керісінше, ішкі нарықтағы баға белгілеуді реттеу үшін қажет болды. Жасырын жүйелер арқылы өзіндік құнынан төмен, тоннасына 60-80 доллардан сатылатын күмәнді бидай нарықты бұзып қана қоймай, мыңдаған шаруаларымыздың адал еңбегін жоққа шығарды Сонымен қатар, экспорттық төлемдерде түсініксіздік туғызды. Бізге бұл тыйым бағаны белгілеу, ішкі нарыққа баға туралы белгі беру үшін қажет», - деді Жұманғарин.
Еске сала кетсек, Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылау органы Қазақстаннан қызанақ, бұрыш, қауын, бидай, зығыр және жасымық сияқты өнімдерді уақытша импорттауға тыйым салды. Бұл шешім Қазақстанның Ресей маңызды рөл атқаратын дамушы елдер блогына, яғни БРИКС-ке қосылудан бас тартқаннан кейін қабылданды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Astana Think Tank форумының қорытынды отырысында Ресейдің Украинадан жеңілмейтінін тағы бір мәрте айтқан болатын.
Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Orda.kz-ке берген пікірінде Қазақстанның БРИКС ұйымына кіруді жоспарламайтыны туралы ойын айтты.
Жаңалықтар
- ҚР ІІМ: Терроризм туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қатаң
- Яна Легкодимованы өлтіргендер тергеу изоляторынан түрмеге жөнелді
- Пайызы 12 есе жоғары: Ақтөбеде күдікті заңсыз ломбард қызметін ұйымдастырған
- Мысығын бір сағат бойы кір машинасында «жуған» әйел жазаланды
- Болгариядағы парламенттік сайлауда экс-президенттің партиясы жеңіске жетті
- Сегіз бала көз жұмды: АҚШ-та ер адам туыстарының балаларын қырып салды
- Иран келіссөздерге делегация жіберу мәселесін әлі қарастырмағанын мәлімдеді
- Жетісу облысында болған жол апатынан 11 адам ауруханаға түсті
- Мұхтар Шаханов өмірден өтті
- АҚШ делегациясы Иранмен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысу үшін Исламабадқа келді
- Алматыда 200-ден астам тұрғын құлағалы тұрған үйлерінен жаңасына көшті
- Almaty Half Marathon-на әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысты
- Қазақстандық спортшылардың осы аптадағы жетістіктері
- Астананың көлік жүргізушілері эвакуатор шақыру мен арнайы тұрақ ақысын өздері төлейтін болды
- Иран СІМ: Еуроодақтың өзі АҚШ пен Израильдің әскери қылмыстарын қолдап отыр
- Атырауда бөтен құжатпен 19 несие алған адам сотталды
- Солтүстік Қазақстанда 7,7 гектар орман алқабы өртенді
- Алматыда жол бойында өсіп тұрған ағаш автокөліктің үстіне құлады
- Сарбаздар мен әскери қызметшілерге телефон қолдануға рұқсат берілді
- Маңғыстауда жауған нөсер мен дауылдан жүздеген жылқы қырылды, ұсақ мал да бар