Армения Ресей газ бағасын көтерсе, ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығатынын мәлімдеді
Фото: Ашық дереккөзден
Армения парламентінің спикері Ален Симонян Ресей республикаға жеткізілетін газ бағасын көтеру туралы шешім қабылдаса, Ереван ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығатынын айтты, деп хабарлайды Orda.kz ресейлік БАҚ-тарға сілтеп.
Алайда оның пікірінше, бұндай жағдайға жете қоймайды.
«Мұндай әңгімелер, мысалы, тауар бағасына немесе газ бағасына қатысты мәселелер көп жылдан бері талқыланып келеді. Айта кетуім керек, егер Ресей Армения үшін газ бағасын көтеру туралы шешім шығарса, Армения да өз шешімін қабылдап, ҰҚШҰ-дан да, ЕАЭО-дан да және басқа да құрылымдардан түбегейлі шығады. Бірақ менің ойымша, бұл жағдайға жетпейді, өйткені осыдан кейін екі ел басшылары арасында өте жақсы, жұмысқа бағытталған әрі тиімді әңгіме болды», — деді Ален Симонян брифинг барысында.
Парламент спикерінің айтуынша, мұндай әңгімелер ел басшыларының ашық кездесулерінде жиі айтыла бермейді.
«Бұл — үдеріс, келіссөздер, оның ішінде оң тұстары да бар. Мен бұрын да айттым және тағы да қайталаймын, біз Ресейге қарсы ештеңе істеген жоқпыз және ештеңе істемейміз де. Бірақ сонымен бірге Арменияның мүддесін қорғадық және қорғай береміз», — деді ол.
Еске салсақ, брифинг барысында ол Мәскеуде өткен Ресей президенті Владимир Путин мен Армения премьер-министрі Никол Пашинянның кездесуі туралы сұраққа жауап берген болатын.
Оқи отырыңыз:
- Ресей Қазақстанның мұнайын Қара теңізге жөнелтуге ресми түрде рұқсат берді
- Ресей Үкіметі: жаңа Конституция Қазақстан мемлекетінің іргесін нығайта түседі
- Үндістан Ресей мұнайын сатып алмауға уәде берді, Трамп оларға баж салығын төмендетті
- Ресей Қазақстандағы мұнай кен орындарын игеруге жиі қатысатын болады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық