Ресей Үкіметі: жаңа Конституция Қазақстан мемлекетінің іргесін нығайта түседі
Фото: Ақорда
Ресей Үкіметінің Төрағасы қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін мемлекет басшысына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сондай-ақ ол Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтады.
Михаил Мишустиннің айтуынша, референдум Қазақстан президентінің мемлекет іргесін нығайтуды, экономиканы дамытып, азаматтардың әл-ауқатын арттыруды көздейтін саясатын барша халық қолдайтынын көрсетті.
«Орайлы сәтті пайдаланып, Сізге Владимир Владимирович Путиннің ыстық ықыласын жеткізгім келеді. Бірер күн бұрын президентпен екіжақты қарым-қатынастың күн тәртібін, сондай-ақ биыл мамыр айына жоспарланған сапарына әзірлік жұмыстарын егжей-тегжейлі талқыладық. Үкімет бұл сапардың да табысты өтуіне барынша күш салады. Сіздің былтыр қараша айында Ресей Федерациясына жасаған сапарыңыз барысында мемлекеттер басшылары қойған барлық міндетті екі ел үкіметтері іске асырып жатыр, – деді Михаил Мишустин.
Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Еске салсақ, 16 наурызда Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа Конституцияға қатысты өткен референдумның сәтті аяқталуымен құттықтаған болатын.
Ресей президенті «Қазақстандағы конституциялық реформалардың біздің мемлекеттер арасындағы одақтастық және жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететініне» үміт білдірді.
Оқи отырыңыз:
- Ресей президенті мамыр айының соңында Қазақстанға келеді
- Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды
- Нұрсұлтан Назарбаев Путин әкімшілігінің резиденциясын жалға алады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық