Ресей СІМ: Қызыл туды алғаш тіккен — Қошқарбаев пен Болатов
Ондаған жылдардан кейін Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Рейхстагқа туды бірінші болып тіккен Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатов екенін ресми түрде мойындады.
Олар бірінші болып Рейхстагқа кіріп, қызыл туды 1945 жылы 30 сәуірде, яғни соғыстың ресми аяқталуына 10 күн қалғанда іліп қойды, деп хабарлайды Orda.kz Ресей Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Кейінірек зерттеушілер анықтағанындай, Рейхстагқа жеңістің 20 туы ілінген, өйткені ту ұстаушылар Берлиннің бас ғимаратына ту ілу үшін топ-тобымен арнайы операция жүргізген.
— 1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстаг ғимаратына шабуыл басталды. Оның қасбетіне алғашқы Қызыл Туды 150-ші атқыштар дивизиясы 674-ші атқыштар полкінің сарбаздары Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатов орнатқан, - делінген Ресей сыртқы істер министрлігінің Instagram парақшасында жарияланған хабарламада.

Ұзақ уақыт бойы, ресми нұсқаға сәйкес, Рейхстаг үстіндегі Жеңіс туын бірінші болып көтерген лейтенант Алексей Берест, қатардағы жауынгер Михаил Егоров және кіші сержант Мелитон Кантария болды деп келген.
— Рейхстаг баспалдақтарымен алғашқы көтерілген батырлар қатарында 20 жасар лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен 19 жасар Қызыл Армия сарбазы Григорий Болатов болды. Сарбаздар қолдан жасалған Туды - қарапайым қызыл матамен жалауша таяғын көтеріп барды. 150-ші дивизияның жауынгерлік журналына сәйкес, олар сағат 14: 25-те «ғимараттың орталық бөлігіне еңбектеп барып, негізгі кіреберістің баспалдақтарына қызыл ту тіккен». Бұл рейхстагтың үстінен азат етуші сарбаздар көтерген байрақтың алғашқысы болды, - деп хабарлады Ресей Сыртқы істер министрлігі ресми түрде.
Ресей Сыртқы істер министрлігі сонымен бірге Рейхстагты алу кезінде көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатов Қызыл Ту ордендерімен марапатталғанын еске салды.
Ұлы Отан соғысының батыры, қазақ даласынан шыққан ержүрек жауынгер Қошқарбаевқа оның туған жерінде Қазақстанның Ақмола облысында және Нұр-Сұлтанда, ал Ресейдің Киров қаласында Болатовқа ескерткіш орнатылған.
1999 жылы ел Президентінің жарлығымен Рақымжан Қошқарбаевқа «Халық Қаһарманы» атағы берілді. 2007 жылы наурызда Ресей әскери тарихы институты Рейхстагтың үстіндегі туды алдымен Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатов көтерді деген ресми мәлімдеме жасады.
Жаңалықтар
- Алматыдағы иесіз электр желілері коммуналдық меншікке өтеді
- «Фукидид қақпаны»: Си Цзиньпин Трампқа нені ескертті?
- Елімізде биыл алғашқы тоқсанда 77 трансплантация жасалды
- Санжар Боқаев 18 маусымға дейін қамауда қалады
- ҚТЖ топ-менеджменті бір жылда бір миллиард теңгеден астам сыйақы алды
- Адамның есін шығаратын оқиға: Есік қаласында 17 жастағы жасөспірім пышақталды
- Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
- Трамп Си Цзиньпинмен кездесу үшін Бейжіңге келді
- ІІМ бала күнінде продюсерден зорлық көрдім деген жігіттің мәлімдемесіне қатысты тексеріс бастады
- Трамптың ұлдарына қатысты Қазақстандағы жобаға Пентагон тағы 400 миллион доллар бөлмекші
- ОСК: Саясаткерлер мен партияларды жасырын жарнамалаған блогерге айыппұл салынады
- Нұра ауылында пышақталып қаза болған марқұмның туыстары өз шындығын айтты
- Ұялы телефондарды тексеру мемлекет бақылауына өтеді
- Қызылордада жатақханадағы студент өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Бюджет қаражатын сайлауалды үгітке мақсатсыз пайдаланғандар бес есе артық қайтарады
- Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа бес талап қойды
- «Афросиаб» Орталық Азиядағы теміржол революциясы ма, әлде қымбат имидж бе?
- Терроризмге күдікті төрт адам шетелден Қазақстанға жеткізілді
- Тұрақты тұруға көшіп келгендер арасында Қытай көш бастап тұр
- Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу туралы Жарлыққа қол қойды