Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етті?
Коллаж: Orda.kz
Осыдан 4 жыл бұрын 2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Федерациясы Украинаға қарсы соғыс бастады. Путиннің есебі бойынша 3 күнде жаулап аламыз деген Украина әлі күнге дейін Ресейге азуын танытып, берілмей отыр. Екі ел арасындағы шиеленіс неден басталды және ол Қазақстанға қалай әсер етті?
Orda.kz бүгінгі жалпы әлемдік деңгейдегі қайғылы күн туралы ақпарат ұсынады.
Украина мен Ресей арасындағы соғыс бір күнде немесе бір ғана себептен басталған жоқ, оның тамыры бірнеше жыл бұрынғы саяси, тарихи және геосаяси қайшылықтарға байланысты. 2013 жылдың соңында Украинада «Еуромайдан» деп аталған жаппай наразылықтар басталды. Сол кездегі президент Виктор Янукович Еуропалық Одақпен келісімге қол қоюдан бас тартып, Ресеймен жақындасу бағытын таңдады. Бұл шешімге қарсы халық көшеге шығып, бірнеше айға созылған наразылықтардан кейін 2014 жылы Янукович биліктен кетіп, елде жаңа, Батысқа жақын үкімет құрылды. Ресей бұл оқиғаны Батыстың ықпалы арқылы жасалған билік ауысуы деп бағалады және Украина НАТО мен Еуропаға жақындасады деп алаңдады.
2014 жылы Ресей Украина құрамындағы Қырым түбегін өз бақылауына алып, кейін оны өз территориясы деп жариялады. Сонымен қатар Украинаның шығысындағы Донецк және Луганск облыстарында Ресейге жақтас қарулы топтар көтеріліс жасап, Украина әскерімен қақтығыстар басталды. Бұл аймақта бірнеше жыл бойы соғыс жалғасып, мыңдаған адам қаза тапты, бірақ толық масштабты соғыс болмады. Осы кезеңде Ресей Украинаның НАТО-ға қосылу мүмкіндігі мен Батыстың әскери ықпалына қарсы екенін бірнеше рет мәлімдеді.
2022 жылы соғыс қалай басталды?
2022 жылдың ақпанның 23-нен 24-не қараған түні Ресей Украинаға Беларусь елі арқылы басып кіріп, кең көлемді әскери шабуыл бастады. Ресей билігі бұл әрекетті Украинаны демилитаризациялау (белгілі бір елдің әскерін азайту немесе толық жою), денацификациялау (нацистік идеологияны жою) және НАТО-ның кеңеюінен қауіпсіздікті қорғау қажеттілігімен түсіндірді. Ал Украина мен көптеген елдер бұл әрекетті тәуелсіз мемлекетке қарсы жасалған басқыншылық және халықаралық құқықтың бұзылуы деп бағалады. Соғыс содан бері жалғасып келеді және ол тек екі ел арасындағы қақтығыс қана емес, сонымен қатар Ресей мен Батыс елдері арасындағы үлкен геосаяси қарсыластықтың бір бөлігіне айналды.
Екі елдің арасындағы соғысқа тікелей АҚШ президенті Дональд Трамп та араласты. Ол соғысқа әскер кіргізбегенімен, бұл қақтығыста Украинаны саяси, қаржылық және әскери жағынан белсенді түрде қолдап отыр. Бұл қатысудың себебі бірнеше факторға байланысты. Біріншіден, АҚШ Украинаның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын және бір елдің екінші елдің жерін күшпен басып алуына қарсы екенін мәлімдеді. Екіншіден, АҚШ пен оның одақтастары Ресейдің күшеюі Еуропадағы қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп есептейді.
«Қантөгісті тоқтатып, келісім жасайтын уақыт келді. Олар қазір соғысты тоқтауы тиіс», - деді Трамп Вашингтонда Зеленскиймен кездесуден кейін.
Трамптың негізі позициясы соғысты лажы болса, ұзаққа созбай келіссөздер арқылы тезірек тоқтату.
4 жылдағы адам шығыны
Украина президенті Владимир Зеленскийдің France2 редакциясына берген сұхбатында осы күнге дейін 55 мыңнан аса жауынгер соғыста қаза тапқанын айтты.
«Украинада, ресми түрде, майдан даласында қаза тапқан сарбаздардың саны - мейлі ол мансаптық сарбаздар болсын, мейлі мобилизацияланғандар болсын - 55 мың», - деді Зеленский.
Ал тәуелсіз сарапшылар 140 мыңға дейін адам шығыны десе, тәуелсіз сарапшылар 140 мыңға дейін әскер шығыны бар десе, жалпы әскер шығыны 500 мың мен 600 мыңның арасында дейді. Ресейдің де жағдайы мәз емес. Билік адам шығынын жүйелі түрде санай бермейді. Бірақ BBC мен MediaZona санағы бойынша 200 мыңдай шығын бар. Өзге де сарапшылардың мәліметінше, әскер шығыны тіпті 325 мыңнан асуы ықтимал. Ал қаза болғандармен ауыр жарақат алғандардың саны 1 миллионнан асады. Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикасына сүйенсек, соғыста 15 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан. Ал 40 мыңнан астам адам жарақат алған. Тілге тиек етейік, соғыс уақытында ешбір тарап толық ақиқатты айтпайды. Нақты сандар соғыс аяқталып, халықаралық комиссиялар жұмыс істегеннен кейін ғана белгілі болады.
Соғыс Қазақстанға қалай әсер етті?
Украина мен Ресей арасындағы соғыс Қазақстанға тікелей әскери тұрғыда әсер етпесе де, саяси және экономикалық жағынан елеулі ықпал етті. Қазақстан Ресеймен ұзын шекараға ие және экономикасы да белгілі бір деңгейде Ресеймен байланысты болғандықтан, соғыс басталғаннан кейінгі санкциялар мен геосаяси шиеленіс елге жанама түрде әсерін тигізді.
Соғыс басталған соң Ресейден Қазақстанға жүздеген мың адам уақытша көшіп келді, әсіресе 2022 жылғы мобилизациядан кейін. Бұл ішкі нарыққа, әсіресе тұрғын үй бағасына әсер етті: жалдау ақысы бірден қымбаттады. Сонымен қатар Ресей компанияларының бір бөлігі Қазақстанға тіркеліп, бизнесін көшіруге тырысты. Бұл бір жағынан экономикалық белсенділікті арттырса, екінші жағынан санкциялық тәуекелдерді көбейтті.
2024 жылдың 25 желтоқсанында Маңғыстау облысында әзербайжандық AZAL ұшағы құлап, ұшақтағы адамдардың басым көпшілігі қаза тапты. Кейін істі анықтай келе оған ресейлік әуесоққысына қарсы құрылғылар атып түсіріп, салдарынан ұшақ Ақтау маңына келіп құлаған.
2025 жылдың 18 наурызында күні Батыс Қазақстан облысына әскери дрон құлады. Алдымен дронды жергілікті тұрғындар тапты және оны ұшқышсыз ұшық аппараты деп ойлаған. Бірақ қазір оның ресейлік «Герань» дроны екені анықталды.
Ресей мен Украина арасындағы соғыс – тек екі елдің қақтығысы емес, бүкіл аймаққа және әлемге әсер ететін дағдарыс. Қан төгісі мен зардаптар әлі де жалғасуда, ал ең басты мақсат – бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу. Уақыт озған сайын ғана шешім табылып, адам өмірі мен болашаққа үміт қалуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев референдумда барлық азаматқа тең жағдай жасауды тапсырды
- Мемлекет басшысы Эстония президенті Алар Каристі Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Үндістанда медициналық ұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты
Жаңалықтар
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді
- Алматыда аялдамада белгісіз адам зейнеткерді есінен танғанша ұрды
- Зеленский: Украина Таяу Шығыс елдерімен бірге ұшқышсыз ұшатын аппарат шығарады
- Блогер Руслан Жанпейісов полицияға бағынбау ісі бойынша ақталды
- Президент БҰҰ-ның жоғары өкілдер тобымен кездесті, Оман премьер-министрі орынбасарын марапаттады
- Кентауды нөсер жаңбырдан кейін су басты
- Иранның мұрагер ханзадасына Берлинде шабуыл жасалды
- Абай облысында мектеп есепшісі өзіне екі еселенген жалақы алып отырған
- Қазақстанда жыл басталғалы көршілес елдерден қашып келген 51 қылмыскер құрықталды
- Дер кезінде полиция шақырған балалар аналарын құтқарып қалды
- «Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
- Air Astana Дубайға рейстердің тоқтатылуын мамыр айының соңына дейін ұзартты