Психиатриялық ауруханаға жіберілген экс-дін қызметкері Воронцов қайтадан тергеу изоляторына қайтарылды
Коллаж Orda.kz
Экс-дін қызметкері Иаков (Владимир Воронцов) психиатриялық ауруханадан қайтадан тергеу изоляторына жеткізілді. Дәрігерлер оның психикалық ауытқуы жоқ екенін анықтап, мәжбүрлі ем жүргізуден бас тартқан деп хабарлайды Orda.kz
Қазақстан халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросынының мәліметінше, Воронцовтың ісін тергеп жатқан тергеуші оны мәжбүрлі психиатриялық тексеру және емдеуге жіберу туралы қаулы шығарған. Алайда медициналық тексеру нәтижесінде мұндай емге негіз жоқ екені белгілі болған.
«Әке Иаков (Владимир Воронцов) тергеушінің қаулысымен мәжбүрлі емдеуге жіберілген психиатриялық ауруханадан қайтадан тергеу изоляторына қайтарылды. Дәрігерлер одан ешқандай психикалық ауытқу анықтамады және дені сау адамға ем жүргізуден бас тартты», – деп мәлімдеді Қазақстан халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросы.
Еске салайық, Иаков Воронцов биыл ақпан айында ұсталған болатын. Кейін оған есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз сақтады және есірткі қолданылатын орын ұйымдастырды деген айыптар бойынша қылмыстық іс қозғалды. Воронцов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.
Мамыр айында сот тергеу органының өтініші бойынша Воронцовты мәжбүрлі психиатриялық сараптамаға жіберген еді. Алайда дәрігерлер оның психикалық ауытқуы жоқ деген қорытындыға келген.
Бұған дейін Orda.kz Ресей православие шіркеуінің бұрынғы дін қызметкері Иаков Воронцовтың есірткі қолданылатын орын ұйымдастырды және тыйым салынған заттарды сақтады деген күдікпен қамауға алынып, тергеу аяқталғанға дейін күзетпен ұстауда қалғаны туралы жазған болатын.
Оқи отырыңыз:
Әлиев Тоқаевқа Қарабақ үшін алғыс айтып, Құрманғазы мен Түркістанды ерекше атады
Адам жегіш Николай Жұмағалиев психиатриялық ауруханадан тараған видеода не айтты?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық