Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
Бейнеден кадр
Атырау облысының Мақат ауданында көктемде болған жаппай төбелес кезінде полицейлер соққыға жығылған еді. Осы іске қатысқан үш адамға қатысты сот үкімі қайта қаралып, олар нақты бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 3 сәуір күні кешкі сағат 22:00 шамасында болған. Мақат ауданында шақырту бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына барған. Сол жерде олар ішімдікке мас бір топ ер адамға тап болған.
Олар полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп шабуыл жасаған. Жанжал кезінде жұдырықтасып қана қоймай, ағаш таяқ пен тас қолданылған.
Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері зардап шекті. Олардың біріне орташа ауырлықтағы дене жарақаты келтірілген.
Алғашқы сот үкімі бойынша үш азаматқа да бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған болатын. Қызылқоға аудандық соты Б. және А. есімді азаматтардың әрқайсысын төрт жылға, ал Ж.-ны үш жыл алты айға бас бостандығын шектеуге соттаған. Осылайша үшеуі де бостандықта қалған.
Алайда бұл шешіммен Бас прокурордың орынбасары келіспей, сот актілеріне наразылық білдірген. Кассациялық алқа сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығына сәйкес келмейтіні туралы қорытындыға келді.
Нәтижесінде бас бостандығын шектеу жазасы нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Б. және А. төрт жылға, ал Ж. үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.
Осылайша, сот залынан үшеуін де күзетпен алып кетті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық