«Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
Бейнеден скриншот: Ақмола облысы полиция департаменті
Ақмола облысында кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалады деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Олардың біреуі ММА жаттықтырушысы болып шыққан. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Orda.kz хабарлайды.
5 тамызда полицияға белгісіз адамдардың күш қолданамыз деп қорқытып, кәсіпкерден 30 млн теңге талап еткені туралы ақпарат түскен.
Осы факт бойынша бопсалау бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында Ақмола облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі ер адамның жеке басын анықтап, оларды ұстады. Ұсталғандардың бірі ММА жаттықтырушысы екені анықталды.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандар жәбірленушінің бизнесін «қорғағаны» үшін ақша талап етуге қатысы болуы мүмкін. Қазіргі уақытта олардың қылмысқа қатыстылығы сотқа дейінгі тергеу аясында анықталып жатыр», деп хабарлады полиция.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар полиция ұсталғандардың облыс аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. Полиция бопсалаудың қылмыстық құқық бұзушылық екенін атап өтті. Оқиғаның барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.
Кінәсіздік презумпциясы қағидатына сәйкес, күдіктілердің кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен ғана анықталуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық