Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
Фото: Pexels
Қазақстандықтардың миллиондағаны ай сайын МӘМС қорына өз қаражатын төлейді. Алайда Қаржылық мониторинг агенттігі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ақша жымқыруға қатысты бірнеше схеманы анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Агенттік мәліметінше, 140 мың қазақстандықты медициналық ұйымдарға жалған тіркеу және көрсетілмеген медициналық қызметтер туралы жалған мәлімет енгізу фактілері анықталған. Қазір осы деректер бойынша еліміздің әр өңірінде 36 қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Мысалы, Түркістан облысында аудандық аурухананың лауазымды тұлғалары МӘМС қаражатын 20 кәсіпкердің есепшоттарына аударды деген күдікке ілінді. Алайда бұл ақшаға іс жүзінде ешқандай медициналық қызмет көрсетілмеген. Кәсіпкерлер ауруханамен келісімшарт жасамаған, олардың деректемелері ақшаны шығарып, қолма-қол ақшаға айналдыру үшін ғана пайдаланылған. Бұл іс бойынша мемлекетке келтірілген шығын 501 млн теңге болды. Ақша жымқырды деген күдікке ілінген екі адам сотқа дейін қамауға алынды.
Елордадағы жекеменшік клиниканың басшысы Қордан заңсыз қаржы алу схемасын ұйымдастырғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. Оған Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының қызметкері көмектескен.
«Қылмыстық схема нәтижесінде клиникаға 15 мыңнан астам адам заңсыз тіркелген. Ал «Damu Med» ақпараттық жүйесі арқылы 79 млн теңгеге жалған медициналық қызметтер рәсімделген. Клиника басшысы бес жылға бас бостандығынан айырылды, оның сыбайласы үш жылға сотталды», деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Алматы облысында екі клиниканың басшысы стоматологиялық қызмет көрсету кезінде алаяқтық жасағаны үшін төрт жылға сотталды. Іс жүзінде медициналық қызмет көрсетілмеген. Қылмыстық схемада дәрігерлердің аккаунттары мен кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректері пайдаланылған.
Нәтижесінде бұдан мемлекетке келтірілген шығын 66 млн теңге болды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық