Президент сирек металдар саласындағы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев сирек және сирек жер металдарын қоса алғанда, стратегиялық маңызды материалдар саласын дамыту мәселелері жөнінде Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қазақстанның Орталық Азиядағы ресурстық және өндірістік әлеуеті бойынша жетекші орын алатынын, бұл мүмкіндіктерді мемлекет мүддесіне тиімді пайдалану қажеттігін айтты.
«Қазіргі әлемдегі жағдай пайдалы қазбалардың қоры мол мемлекеттер үшін тиімді, тіпті бірегей мүмкіндіктер туғызып отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы әлемде жоғары технологиялық салаларды дамыту үшін стратегиялық маңызы бар сирек және басқа да маңызды материалдарға қол жеткізу жолында мемлекеттер арасындағы бәсекелестік күшейіп келе жатқанына назар аударды.
Оның айтуынша, мұндай жағдайда Қазақстан өзінің ресурстық және өндірістік әлеуетін тиімді пайдаланып, ұлттық құзыреттерді және өндірістік тізбектерді жүйелі түрде дамытуы қажет.
Отырыста Үкімет мүшелері саланың қазіргі жағдайы, ресурс базасын игеру перспективалары, шикізатты өңдеуді дамыту және осы бағыттағы бар кедергілер туралы баяндама жасады.
Жиын қорытындысы бойынша Үкіметке және мүдделі мемлекеттік органдарға саланы дамытудың жүйелі тұжырымдамасын қалыптастыру, мемлекеттік реттеуді жетілдіру, геологиялық барлау жұмыстарын және өңдеу өндірісін дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар техногендік минералдық түзілімдерді экономикалық айналымға енгізу, зертханалық және кадрлық базаны күшейту, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді жою міндеттері қойылды.
Айта кетейік, 2025 жылдың күзінде Ташкентте өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаев сирек жер металдарын өндіру және өңдеу саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларына назар аударған болатын.
Сол кезде Қазақстан Президенті Орталық Азия елдерінде мұндай ресурстардың қоры мол болғанымен, олардың әлі де жеткілікті деңгейде зерттелмегенін атап өтті.
«Аймаққа озық технологияларды тарту және инновациялық шешімдерді енгізу үшін күш-жігерді біріктіруге болар еді. Қазақстан Астанада Сирек жер металдары бойынша өңірлік зерттеу орталығын құруды ұсынды. Бұл орталық инвесторларға қолжетімді кен орындары мен оларды игеру технологиялары туралы өзекті ақпарат бере алар еді» деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің бүгінгі тапсырмалары аясында сирек және стратегиялық маңызды металдарды игеру Қазақстан үшін тек шикізат экспорты емес, оны терең өңдеп, жоғары қосылған құны бар өндірістер қалыптастырудың маңызды бағытына айналуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Президент сирек металдар саласындағы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
- Алматы облысында 17 жастағы қыз өлі табылды: Ол соңғы хат қалдырған
- Тараздағы аутизмі бар баланың қол-аяғын байлап, ұйықтатпақ болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- «Жаңа өмір бастадым»: Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі неге жәбірленуші мәртебесінен бас тартқанын айтты
- Талғар тауында сүйегі табылған адамның туыстары оның 20 жыл бұрын жоғалып кеткенін мәлімдеді
- Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: Қорғау тарабы судьяға қарсылық білдірді
- «Мен шаршадым, екі балам аманат»: Гүлмираның өліміне қатысты жантүршігерлік деректер
- Астанада әзілкеш Ғалым Қалиақпаровтың концерті тоқтатылды
- Сирия Израиль мен Түркия арасындағы жаңа текетірес алаңына айналды: Идлибтегі соққы нені білдіреді?
- АҚШ Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдаудың құпия жолын тауып алған
- Арыстағы әскери бөлім аумағында оқ-дәрі жарылды: Құрғақ шөп тұтанған
- Талғар тауында табылған туристің денесі полицияға тапсырылды
- Күйеуі ұрып, қолын сындырған: Жанжалдан кейін әйел өзіне қол салды
- Зеленский Ирина Мудраяны қызметтен босатты
- NASA Falcon 9 құлағаннан кейін Айда пайда болған кратер фотосы жарияланды
- Алматы облысындағы тауда шашылып жатқан адам сүйектеріне қатысты ТЖД мәлімет берді
- «Сұңқар» шаңғы трамплині: 10 жылдан асса да жұмысшылар неліктен жалақысын сол күйі алмай кетті?
- «Біреуінің бауыры езіліп, үш бала қашып кеткен»: Райымбек ауданындағы қайғылы апатқа байланысты жаңа деректер шықты
- 20 тамыздан бастап қандай смартфондарды сатуға тыйым салынады?
- Бас мүфти Наурызбай қажы: Әйелге қол көтеру – ерлік емес