ДСМ қазақстандықтарға хантавирус қаупіне қатысты ескерту жасады
Фото: Ашық дереккөзден
Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі шетелге шығатын қазақстандықтарға хантавирус қаупіне байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі шетелге сапарлауды жоспарлап отырған қазақстандықтарға кеміргіштермен және олардың бөлінділерімен байланыс арқылы жұғатын хантавирус инфекциясынан қорғану шаралары еске салды.
ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті туристерге хантавирус инфекциясының алдын алу бойынша ұсынымдарын жариялады.
Ведомствоның мәліметінше, ауру адамға негізінен кеміргіштер және олардан бөлінген сұйықтық неме е басқа да қалдықтар арқылы, сондай-ақ ластанған шаң, су немесе тағам арқылы жұғады. Вирус ағзаға жәндіктердің шағуы арқылы да кіруі мүмкін.
Шетелге шығатын қазақстандықтарға кеміргіштер мекендеуі мүмкін жерлерден аулақ болу және оларды ұстамау ұсынылады. Сондай-ақ бейберекет және көше саудасы орындарынан тағам сатып ала бермей, азық-түлікті тек тығыз жабылатын ыдыстарда сақтау қажет.
Туристерге жабық ғимараттарда қауіпсіздікке ерекше назар аудару сұралады. Жинау алдында бөлмелерді желдетіп, ылғалды дезинфекция жүргізіп, қолғап пен маска сияқты жеке қорғаныш құралдарын пайдалану ұсынылады.
Сонымен қатар адамдар көп жиналатын орындарға барғанда арақашықтық сақтау, қол гигиенасын қадағалау және қорғаныш құралдарын қолдану қажет.
Комитет инфекция белгілері сапардан кейін 1–8 аптадан соң пайда болуы мүмкін екенін атап өтті. Мүмкін белгілердің қатарында жоғары температура, әлсіздік, бұлшық ет ауруы, жөтел және ентігу бар.
Осындай белгілер пайда болған жағдайда қазақстандықтарға шұғыл түрде медициналық көмекке жүгініп, дәрігерлерге шетелде болғаны туралы хабарлау ұсынылады.
Бұған дейін Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (СЭБД) басшылары қалада хантавирус пайда болуы мүмкін жағдайларға дайын екенін мәлімдеді. Мамандар бұл инфекция жаңадан пайда болмағанын және оның таралу қаупі коронавирусқа қарағанда әлдеқайда төмен екенін атап өтті.
Сондай-ақ мамандар хантавирусқа қарсы вакцина әлі әзірленіп жатқанын, алайда денсаулық сақтау басқармасы емдеу хаттамаларын талқылап, ықтимал жағдайларға дайындық жүргізіп жатқанын айтты.
Кеше ғана ДДСҰ Африка елдеріндегі эбола індетін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық