Президент ерекше марапаттаған Кенжебай Мәденов кім?
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы «Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлы Махамбет Кенжебайұлына айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін салтанатты түрде тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Кенжебай Мәденұлы Мәденов 1925 жылы 19 ақпанда Батыс Қазақтан облысы Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылдық округі Ақтай-сай ауылында туған.
1950-1974 жылдар аралығында Батыс Қазақстан және Гурьев облыстарындағы ҚазКСР МҚК органдарында қызмет атқарған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері. 1974 жылы 26 желтоқсанда дүниеден өткен.
К.М. Мәденов 1944 жылы 19 жасында 266-атқыштар дивизиясы 1008-полкі 2-батальоны 5-ротасының взвод командирі болып тағайындалған.
«1945 жылы 29 сәуірде К.М.Мәденов Берлин шайқасында қаһармандықтың үлгісін көрсетті. Атап айтқанда, Берлин операциясы кезінде қаланың Рейхстагтан кейінгі маңызды әкімшілік орталығы – Ратуша ғимаратының төбесіне Қызыл Туды орнату К.М.Мәденов басқарған взводқа тапсырылып, ол бұйрықты ерлікпен орындайды. Бұл Кеңес әскеріне рух беріп, шабуылдың қарқынды жалғасуына ықпал етеді» деп жазылған хабарламада.
К.М.Мәденов бастаған жауынгерлердің осы ерлігі Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуковтың «Естеліктер мен толғаныстар», 5-екпінді армияның Әскери кеңесінің мүшесі, генерал-лейтенант Ф.Е. Боковтың «Жеңіс көктемі», 1948 жылы КСРО Қарулы Күштері министрлігінің баспасы шығарған «Берлинді алу» (Штурм Берлина) кітаптарында суреттелген.
«Қазақстан коммунисі» журналының 1970 жылы 6 маусымдағы нөмірінде Ратуша үшін болған шайқас жайында К.М.Мәденовтің өзі де жазған.
Оның есімі мектеп оқушыларына арналған 1985, 1993 және 2004 жылдары жарық көрген «Қазақстан тарихы» оқулықтарына енді. Сондай-ақ К.М.Мәденовтің ерлігін Клаус Похе және Ганс Олива атты германиялық журналистер «Соғыс аяқталған түн» деген еңбектеріне арқау еткен.
Батырдың құрметіне 2001 жылдың желтоқсанында Атырау облысы бойынша ҰҚКД ғимаратына мемориалдық тақта орнатылды.
Ал 2005 жылы Атырау қаласында Кенжебай Мәденовтің атына көше берілді.
Оқи отырыңыз:
- Президент: Елге қорған болу – ең абыройлы қызмет
- АҚШ-тың Иранға қарсы операциясы аяқталды: Вашингтон жаңа кезеңге аяқ басты
- Астанадағы LRT-ның «Театр» станциясынан өрт шықты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық