Астанадағы LRT-ның «Театр» станциясынан өрт шықты
Бейнеден скриншот
CTS мәліметінше, оқиға 5 мамыр күні сағат 22:18 шамасында «Театр» станциясының солтүстік өткеліндегі кіреберіс бөлігінде болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиғаның мән-жайын City Transportation Systems (CTS) компаниясы хабарлады.
«Дәнекерлеу жұмыстары кезінде құрылыс қалдықтары тұтанып кеткен. Алдын ала себеп — жұмыс барысында ұшқынның түсуі», деп хабарлады компания.
Компанияның айтуынша, жалпы аумағы 20 шаршы метр жерде пластик құбырлар мен минералды мақта жанған. Өрт төтенше жағдайлар қызметі келгенге дейін станцияның кезекші қызметкерлері тарапынан алғашқы өрт сөндіру құралдарының көмегімен жедел сөндірілген.
CTS өрттің станцияның конструкциялары мен жабдықтарына таралуына жол берілмегенін атап өтті. Зардап шеккендер жоқ.
LRT-ның сынақтық пайдалануы 2025 жылғы 29 қыркүйекте басталып, кемінде 6 айға созылуы тиіс болған. Бұған дейін CTS пойыздар сағатына 40–50 км жылдамдықпен жүретінін, Нұрлы жол станциясынан әуежайға дейінгі жол шамамен 40 минутты алатынын, ал қозғалыс аралығы учаскеге байланысты 5–10 минут болатынын хабарлаған.
Биылғы наурызда ЛРТ және «кірешілер» туралы бейне тарап, арқанмен вагон сүйреген жұмысшылар мемге айналған болатын. Видеокадрда арқанмен вагон сүйреп бара жатқан жұмысшылар көрсетілген, видеоға CTS өкілдері пікір білдірді.
Видео TikTok желісінде пайда болып, әлеуметтік желілерде тез таралды. Кадрда адамдар жеңіл рельсті көлік құрамын арқан байлап алып тартып жатқанын көруге болады.
Оқи отырыңыз:
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- ЛРТ және «кірешілер»: арқанмен вагон сүйреген жұмысшылар мемге айналды
- Алматыда 2030 жылға дейінгі қаланың бас жоспарына сай қай жолдар ұзарып, қандай нысандар сүріледі?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық