Полиция Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы зардап шеккен жол апатына қатысты видеоны жариялады
Фото: Бейнежазбадан кадр
Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлының қатысумен болған жол апатына байланысты полиция оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаны жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
2025 жылғы 27 шілдеде сағат 08:50 шамасында «Алматы – Екатеринбург» автожолының 299-шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелген.
«Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөліктің жүргізушісі Қарағанды облысы бағытынан Алматы қаласына қарай келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан көлік аударылып кеткен. Апат салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі — «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатының нақты себептерін анықтау үшін барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды», — деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева.
Еске салайық, Шавкат Рахмоновтың жұбайы зардап шеккен жол апаты 27 шілдеде Алматы-Екатеринбург тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлікті спортшының әйелі басқарған. Оқиға кезінде екі жолаушы қаза тапты. Рахмоновтың жұбайы мен ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізілген болатын.
Сонымен қатар, Шавкат Рахмоновтың жұбайы қолхат жазып, ұлымен бірге өз еркімен ауруханадан шыққаны хабарланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық