«Қолхат жазып берген»: Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жол апатынан кейін ауруханадан шықты
Фото: Бейнежазбадан кадр
Жақында жол апатына түскен спортшы Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы ауруханадан шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жөнінде Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
«Зардап шеккендер тиісті қолхат жазып, Шудың қалалық ауруханасынан шығып, Алматыға жол жүріп кетті. Олар медициналық мекемеге ешқандай наразылық білдірген жоқ», деп нақтылады басқарма.
Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы жабық бас-ми жарақаты және ми шайқалу диагнозымен травматология бөліміне жатқызылған болатын. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалаған.
Жол апаты 27 шілде күні таңғы сағат 08:50-де республикалық маңыздағы Алматы-Екатеринбург автожолының 299-шақырымында болды. Полицияның мәліметінше, Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол талғамайтын көлік аударылып кеткен. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаға байланысты полиция ҚР ҚК «Көлік құралдарын басқарған адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл бап бойынша жүргізуші 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Әлеуметтік желілерде көлікті Гулайым Рахмонованың өзі басқарғаны, ал жолаушылар арасында оның ұлы мен құрбылары болғаны жөнінде ақпарат тарады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық