Екі адам қаза тапты: Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы жол апатына ұшырады
Фото: Intagram II Шавкат Рахмонов
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында болған апат салдарынан көлікте болған екі жолаушы қаза тапты.
Көлікті Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова басқарған. Автокөлікте онымен бірге ұлы және екі құрбысы болған. Олар Қарағандыдан Алматыға қарай жол тартқан.
Toyota Land Cruiser көлігі Алматы-Екатеринбург тасжолының 296-шақырымында, Ақсүйек ауылының маңында апатқа ұшыраған. Алдын ала мәліметке сүйенсек, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Апат салдарынан 39 және 35 жастағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмған.
Гүлайым Рахмонова мен үш жасар ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын «орташа ауыр» деп бағалаған.
Полиция жол қозғалысы ережесін бұзу арқылы екі немесе одан да көп адамның өліміне себеп болуға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық