«11 жеріне пышақ сұққан»: Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан қыздың денесі туыстарына берілді
Коллаж: Oryrar.kz
Шымкентте бірнеше жерінен пышақталған марқұмның денесін туысқандары туған жері Төрткөл ауылына алып кетті. Олар күдікті тиісті жазасын алса дейді, деп хабарлайды Orda.kz Otyrar.kz-ке сілтеп.
Шымкенттегі Төлеметов көшесі мен Өтегенов көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолында болған қанды оқиға елді елең еткізді. Желіде тараған бейнеден қыздың қарсылық көрсетіп жатқанын, ал жігіттің оның артынан қуып, ұрып-соғып, пышақтап, қашып кеткенін көруге болады.
Бейресми ақпаратқа қарағанда, марқұмның 11 жеріне пышақ сұғылған. Бетін тіліп тастаған.
Оқиға орнында мерт болған 21 жастағы Нұрай Серікбай сол маңдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде отбасымен бірге өмір сүрген. Екі ағасы бар, үйдің – кенжесі. Студент. Әке-шешесі қалада түрлі салада жұмыс істейді. Марқұмның денесі туыстарына берілді. Жақындары қыздың денесін мәйітханадан алып, Түркістан облысы Төрткүл ауылына алып кетті.
«Қызымызды айуандықпен өлтіріп отыр. Бұл өте ауыр қайғы. Талап заң жүзінде қамалсын, жазасын алсын», — дейді марқұмның туысы Кәрім Кенжетаев.
29 жастағы Шерхан Аймахан 2021-2024 жыл аралығында жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Қалалық полицияның дерегінше, оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалған. Қазірге таңда күдіктінің марқұмды неге пышақтағаны белгісіз.
Айта кетейік, қызды пышақтап өлтірген жігіт ұсталып, уақытша ұстау изоляторынп қамалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық