Нұрай ісі: Марқұмның ағасы желідегі бейнежазбаларға пікір білдірді
Коллаж: Orda.kz
Шымкент қаласында кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдің ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде Нұрай күдікті Шерханның үйіне өз еркімен барған деген видео тарады. Алайда, Сұлтан Серікбай видеодағы көріністер шындыққа сай келмейтінін айтты.
«Алып қашқан кезінде негізінен қара көлікпен шыққан, басқа маркалы көлік болған және Нұрай үй киімімен шыққан. Ал видеода көлік ақ түсті және маркасы басқа. Нұрай бір өзі болған. Жанындағы 50 адам сырт жақтың адамдары. Видеода күліп тұрған Нұрай емес. Оның алдында тұрған басқа кісі. Соңында Нұрай қарсыласып орамалын шешіп тастамақ болған, яғни, оның қаламағаны көрініп тұр», – дейді ағасы Сұлтан Серікбай.
Сұлтан Нұрайдың полиция бөлімінде түсірілген бейнежазбасына да өз көзқарасын білдірді. Видеода марқұм Нұрай күдіктіге арыз жазбайтынын айтады, ал ағасының сөзінше, бұл жағдай психологиялық қысым арқылы жасалған.
«Нұрайдың барынша шаршаңқы, моральдық тұрғыда қажығаны көрінеді, сол үшін барынша қысым көрсетіліп, манипуляция арқылы видео түсірілген. Нұрайдан бөлек бөлмеде бірнеше ер адам болған. Бізді кіргізбеді. Сол себепті барынша басынған», – дейді Сұлтан Серікбай.
Ағасы видеолардың әлеуметтік желіге таралуы тергеуге әсер ететінін ескертіп, тергеуге сенім білдірді:
«Бұл – тергеу материалдары, оны жариялау заңға сәйкес келмейді. Біз тергеуге толық сенеміз», – деді Сұлтан.
Еске сала кетейік, оқиға орнында мерт болған 21 жастағы Нұрай Серікбай сол маңдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде отбасымен бірге өмір сүрген. Оқиғадан кейін Нұрайдың 11 жеріне пышақ сұғылған. Бетін тіліп тастаған. Екі ағасы бар, үйдің – кенжесі. Студент. Әке-шешесі қалада түрлі салада жұмыс істейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық