Полиция алматылықтардың 5 мыңға жуық көлігін айып тұрағына қойды
Фото: Polisia.kz
Алматы қаласында сегіз күн ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың шамамен 15 мың дерегі анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның ішінде көлік құралын мас болып басқару, қарсы бағытқа шығу, сондай-ақ көлік жүргізу құқығынсыз басқару фактілері тіркелген. Сонымен қатар жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану жағдайлары да анықталды.
4,7 мыңнан астам көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылып, мемлекеттік тіркеу нөмірлері тәркіленді.
«Біз тек өрескел құқық бұзушылықтарды ғана емес, сонымен қатар агрессивті жүргізу әрекеттерін де тіркеп отырмыз. Кенет маневр жасау, жол ережелерін елемеу, өзге жол қозғалысына қатысушыларға құрметсіздік таныту жиі кездеседі. Әсіресе мас кезінде көлік жүргізетіндерге, жүргізуші куәлігінсіз немесе жалған нөмірмен әдейі көлік басқаратын тұлғаларға ерекше назар аударылады», – деп атап өтті полиция полковнигі Ғалым Сарғұлов.
Іс-шара аясында түнгі сүзгілеу шаралары күшейтіліп, оның ішінде әл-Фараби даңғылында бақылау күшейтілді.
Электросамокат пайдаланушыларына да ерекше назар аударылды. Рейдтер нәтижесінде мыңдаған құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жол қозғалысына кедергі келтірген және ереже бұза қойылған көптеген самокаттар көшелерден алынды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық