«Полицейдің қазасы»: Қарағанды облысында әріптесіне оқ атқан полицей қамалды
Фото: Pixabay
31 тамыз күні сағат 21:00 шамасында ГРЭС бекетінде оқ атылды. Оқ тиген және оқ атқан кіші сержанттардың екеуі де құқық қорғау органдарында бір жылдай қызмет еткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Қарағанды облысына қарасты Топар кентінде полиция қызметкері қызмет барысында өз әріптесін атып жіберді.
Департамент бұл жағдайды оқыс оқиға деп отыр.
«Алдын ала деректерге сәйкес, полицияның кіші сержанты қаруды абайламай қолданған. Соның салдарынан әріптесіне оқ тиіп, басынан жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды», деп мәлімдеді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Екі қызметкер де Жезқазған қаласындағы ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының екінші батальонында міндетін атқарып жүрген. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, екеуі де 2025 жылы жұмысқа қабылданған.
Оқ атқан сержант қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
Еске сала кетейік, Қазақстанның бұрынғы Бас көлік прокурорына іздеу жарияланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық