Пекин біржақты санкцияларды қабылдамайды: Қытай Трамптың мәлімдемелеріне қарсы шықты
Фото: Nikkei Asian Review
Қытай энергетикалық қауіпсіздік саласындағы саясатты өз ұлттық мүдделеріне сай дербес айқындайды. Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякун мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz IRNA-ға сілтеме жасап.
«Қытай энергетикалық қауіпсіздік саласында әрдайым өз мүддесін басшылыққа алады. Біз біржақты санкциялар мен сыртқы қысымдарға қарсы екенімізді қатаң мәлімдейміз», — деді дипломат.
Бұл мәлімдеме Вашингтон тарапынан жалғасып жатқан қысымға қарсы жасалған қадам. АҚШ халықаралық әріптестерінен, соның ішінде энергетика саласында, Иранға қарсы санкцияларды сақтауды талап етіп келеді.
Бұған дейін Дональд Трамп Қытай Израиль мен Иран бітімге келгеннен кейін иран мұнайын сатып алуды жалғастыруы мүмкін екенін айтқан еді. Алайда кейінірек Ақ үй оның бұл сөздері АҚШ санкцияларын жеңілдетуді білдірмейтінін түсіндірді.
2022 жылдың өзінде АҚШ-тың жаңа санкциялар тізіміне екі адамның аты-жөні, 13 компания мен екі мұнай танкері қосылды. Себебі, бұл компаниялар ирандық мұнай мен мұнай-химия өнімдерін тасымалдауға және сатуға көмектескен деген болжам айтты.
2025 жылғы Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуі және Ормуз бұғазының жабылуы елеулі экономикалық сілкіністерге әкеліп, мұнай бағасын шарықтатып жіберді.
Израиль армиясы Иранның ядролық қару жобасына және отын қорына байланысты бірқатар мақсаттарға, соның ішінде Иран Қорғаныс министрлігінің штаб-пәтері мен SPND ядролық жобасының штаб-пәтеріне ауқымды соққылар сериясын аяқтағанын мәлімдеді.
2024 жылы қазан айында ЕуроОдақ елдері Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қарсы санкцияларын күшейтті.
Дегенмен Ресейдің «Транснефть» компаниясы Қытайға Қазақстан аумағы арқылы жеткізілетін мұнай көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Биылғы 24 қаңтарда Астанада ресейлік тараптың қазақстандық мұнай-газ кен орындарын игеруге және электр энергетикасы жобаларына қатысуын кеңейту мүмкіндігі талқыланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық