Ресей мұнайының Қазақстан арқылы транзиті 25%-ға артады
Фото: Elements.envato.com
Ресейдің «Транснефть» компаниясы Қытайға Қазақстан аумағы арқылы жеткізілетін мұнай көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Orda.kz «Ведомости» басылымына сілтеме жасап.
Ресейлік басылымның мәліметінше, «Транснефть» Қазақстан мен Ресейдің Энергетика министрліктері жанындағы жұмыс тобы Қазақстан арқылы жеткізілім көлемін 10 миллион тоннадан 12,5 миллион тоннаға дейін арттыруды көздеуде. Бұл жөнінде «ҚазТрансОйл» компаниясы бас директорының орынбасары Абай Бейсембаев мәлімдеді.
Бейсембаевтың айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс тобы Қазақстанда жаңа мұнай айдау станцияларын салу жоспарын қарастырып жатыр. Бұл болашақта еліміз арқылы өтетін мұнай транзитінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал қазақстандық мұнайды Ресейдің мұнай құбырлары жүйесі арқылы экспортқа жөнелту тұрақты түрде, іркіліссіз жүзеге асырылып жатыр.
Ресейлік көмірсутектерді Қазақстан аумағы арқылы Қытайға жеткізу көлемін нақты қашан 25%-ға арттыру жоспарланып отырғаны әзірге нақтыланған жоқ.
Ресей тарапы Қазақстан арқылы мұнай транзитін ұлғайту ниеті барын бұған дейін, сәуір айында, РФ премьер-министрінің орынбасары Александр Новак Қазақстан Президентінің кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиевпен және Энергетика министрі Ерлан Аккенженовпен кездескен кезде білдірген болатын.
Биылғы 24 қаңтарда Астанада ресейлік тараптың қазақстандық мұнай-газ кен орындарын игеруге және электр энергетикасы жобаларына қатысуын кеңейту мүмкіндігі талқыланды.
Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі елдегі алғашқы ірі АЭС құрылысына кімнің бас мердігер болатынын ресми түрде жариялады. Таңдау «Росатом» компаниясына түсті. Orda.kz энергетика саласындағы сарапшылармен бірге осындай маңызды жобаға неге ресейлік компания таңдалғанын және бұл шешімнің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап көрді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық