Пәкістанда мешітте болған жарылысты ДАИШ мойнына алды
Фото: Hussain Ali/ZUMA/picture alliance
Пәкістан астанасы Исламабадта мешітте жасалған жантүршігерлік теракт үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» (ДАИШ) террористік ұйымы өз мойнына алды, деп хабарлайды Orda.kz. Бұл туралы SITE Intelligence Group таратқан ұйым мәлімдемесінде айтылған.
Мәлімдемеде жанкешті шабуыл жасаушының мешіттің ішкі қақпасына жеткен соң, шиит қауымының ортасында жарылғыш зат салынған белбеуін іске қосқаны көрсетілген. Соның салдарынан көптеген адам қаза тауып, ондаған адам жараланған.
Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Асиф жанкештінің бұған дейін Ауғанстанға бірнеше рет барғаны тіркелгенін мәлімдеп, терактіні қаржыландыруға Үндістанның қатысы болуы мүмкін екенін айтты. Алайда Үндістан билігі бұл айыптауларды «негізсіз» деп, шабуылды қатаң айыптады.
Қанды оқиға 6 ақпан күні Исламабадтағы шиит мешіттерінің бірінде болған. Ғимарат ішінде жасалған жарылыс салдарынан 31 адам қаза тауып, 170-тен астам адам түрлі дәрежеде жарақат алған.
Айта кетейік, ДАИШ — Қазақстан аумағында қызметіне тыйым салынған террористік ұйым.
Шетел жаңалықтарын оқи отырыңыз:
- Иранда әйелдерге мотоцикл айдауға және жүргізуші куәлігін алуға рұқсат берілді
- Әбу-Дабиде Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтатуға алғашқы қадам жасалды
- Әзірбайжанда мектеп оқушысы мұғаліміне оқ атты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық