Пак сотта соңғы сөзін айтты: «Саяси ықпалды тұлғаға қатысым жоқ»
Коллаж Orda.kz
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты бойынша сотта Александр Пак соңғы сөзін сөйледі. Ол өзінің Тараздан шыққан қарапайым жігіт екенін әрі ешқандай саяси ықпалды адамдармен байланысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы сотында әл-Фараби даңғылындағы адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы сот процесі бітуге таяу қалды. Бүгін жарыссөз кезеңінде тараптар мен Александр Пак соңғы сөздерін сөйледі. Пак қаза тапқандардың туыстарынан тағы да кешірім сұрап, өзін ақтауға немесе жауапкершіліктен жалтаруға тырыспайтынын мәлімдеді.
«Менің кесірімнен өмірден өткен адамдарды қайтара алмаймыз, болған жағдайды өзгерту мүмкін емес. Бұл қайғылы жағдай менің өмірбақи жадымда қалады. Қаза тапқандардың ата-аналары мен жақындарынан шын жүректен тағы да кешірім сұраймын. Мен өзімді ақтауға болмайтынын түсінемін әрі болған оқиғаның ауырлығын жеңілдетіп көрсетуге де тырысып отырған жоқпын, жауапкершіліктен қашпаймын», – деді Александр Пак.
Сотталушы соттан өзінің процессуалдық мәртебесін ғана емес, отбасылық жағдайын да ескеруді сұрады.
«Сіздерден мені тек айыпталушы ретінде емес, ата-анасының ұлы, балаларының әкесі, жұбайының жары ретінде де көрулеріңізді сұраймын. Бұған дейін ешқашан қылмыстық жауапкершілікке тартылған емеспін және мұндай жағдайға тап боламын деп ойлаған жоқпын», – деді Пак.
Сондай-ақ Пак сотта БАҚ-та тараған өзі туралы жарияланған ақпараттарға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, ол қарапайым отбасыдан Тараздан шыққан қарапайым жігіт және ешқандай ықпалды саяси тұлғалармен байланысы жоқ.
«Мен – Тараздан шыққан қарапайым жігітпін. Жиырма жасымнан бастап еңбек еттім. Бар жетістігіме өз күшіммен жеттім. БАҚ-та жазып жатқандай миллиардердің де баласы емеспін әрі менің ешқандай cаяси лауазым иелерімен ешқандай байланысым жоқ», – деді сотталушы.
Александр Пактың адвокаты Армана Рахманбердиева мемлекеттік айыптаушының сотталушыны 10 жылға бас бостандығынан айыру және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру туралы сұраған жазасымен келіспейтінін мәлімдеді.
Қорғаушы жол-көлік оқиғасының болғанын, Пактың кінәсін мойындағанын және келтірілген шығынның өтелгенін жоққа шығармайтынын айтты. Алайда оның пікірінше, сотта зерттелген дәлелдемелер айыпты толық дәлелдеуге жеткіліксіз.
Адвокаттың сөзінше, Пактың мас күйде болғанын растайтын жалғыз дәлел – сараптама қорытындысы. Бірақ бұл сараптаманың заңдылығы мен сенімділігі күмән тудырады.
«Қан үлгісі 21 наурызда алынғанымен, сараптама тағайындау туралы қаулы тек 25 наурызда шығарылған. Төрт тәулік өткен. Қанда консерванттардың болғаны көрсетілмеген, сондай-ақ сақтау шарттары да сипатталмаған», – деді Рахманбердиева.
Қорғаушының айтуынша, сараптама жүргізу барысында процессуалдық талаптар бұзылған болуы мүмкін. Сонымен қатар айыптау тарапы сүйеніп отырған көңіл көтеру орнындағы чек те Пактың алкогольдік масаң күйде болғанын дәлелдей алмайды деп есептейді. Осыған байланысты адвокат айыпталушының мас күйде болғаны дәлелденбегенін айтып, қылмыстық істі қайта саралауды сұрады.
Рахманбердиева іс бойынша көліктің техникалық ақауы болған-болмағанын анықтайтын сараптаманың мүлде жүргізілмегенін де атап өтті.
«Пактың не себепті көлікті басқара алмай қалғаны анықталмады. Көліктің бастапқы бағыттан неге ауытқығаны зерттелген жоқ. Сонымен қатар сарапшылардың “жылдамдық 219 км/сағ болуы мүмкін” деген тұжырымы нақты есептеудің болмағанын көрсетеді. Сондықтан бұл өлшемдердің дәлдігіне күмән бар», – деді адвокат.
Сөз соңында адвокат күмән тудыратын барлық дәлелдер заң бойынша айыпталушының пайдасына түсіндірілуі тиіс екенін айтты.
Осыған байланысты қорғау тарапы Александр Пакқа тағылған айыпты Қылмыстық кодекстің 345-1-бабынан 345-бабына қайта саралауды сұрады. Яғни іс бойынша негізгі ауырлататын мән-жай саналатын алкогольдік масаң күй факторын алып тастауды талап етті.
«Соттан Александр Пакқа мүмкіндігінше ең жеңіл әрі ең төменгі жаза тағайындауды сұраймыз», – деп түйіндеді адвокат.
Бұған дейін Orda.kz тараптардың жарыссөздері мен прокурордың сотталаушыға сұраған жаза мерзімін жазды.
Еске сала кетйеік, жол-көлік оқиғасы 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылында болған. Апат салдарынан үш адам – Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы әйел қаза тапты. Тергеу мәліметінше, Александр Пак басқарған Zeekr көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes-пен соқтығысқан.
Оқи отырыңыз:
«Ақша үшін емес»: Томиристің анасы Пакты не үшін кешіргенін айтса, әкесі 100 млн теңге талап етті
Әл-Фарабидегі апат: Прокурор Пакқа 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық