Әл-Фарабидегі апат: Прокурор Пакқа 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
Фото: Orda.kz
Алматыда үш адамның өмірін қиған әл-Фарабидегі жол апатына қатысты сотта марқұм Томиристің әкесі 100 миллион теңге моральдық өтемақы сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотта қорғаушылар қызынан айырылған әкенің хатын оқыды. Онда Томирис оның өмірінің басты мәні болғаны, қызының тұрмысқа шығып, ана атанғанын көруді армандағаны жазылған.
Алайда айыпталушы Александр Пактың адвокаты бұл талапты қанағаттандырмауды сұрады. Қорғаушының уәжі бойынша, Томиристің анасы бұған дейін кінәлі тараптан өтемақы алып қойған.
Еске салайық, бұған дейін Томиристің әкесі Пакты ешқашан кешірмейтінін мәлімдеген.
Қайғылы оқиға 21 наурызда болған еді. Мас күйде қарсы жолаққа шыққан Пак Mercedes-пен соқтығысып, көліктегі үш адам мерт болды.
Алматыда үш адамның өмірін қиған атышулы жол апатына қатысты сот жарыссөзі өтіп жатыр. Мемлекеттік айыптаушы Әлібек Күмісбеков сотталушы Александр Пакты қауіпсіздігі төмен мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Оған қоса, прокурор оны көлік басқару құқығынан өмір бойына шеттетуді сұрады.
Айыптаушы тарап бұл қайғылы оқиғаның кездейсоқтық еместігін алға тартты. Оның сөзінше, айыпталушы бұған дейін де жол ережесін жиі бұзған. Ал оның мас күйінде әрі жоғары жылдамдықпен көлік басқаруы осындай орны толмас қасіретке әкеп соқтырды.
Алматыдағы жол апатынан көз жұмған Томиристің анасы сотқа онлайн қосылып, Александр Пакқа не үшін кешірім бергенін түсіндірді. Ол бұған ақша себеп болмағанын, басты мақсаты марқұмның рухы о дүниеде тыныш тапсын деген ниет екенін жеткізді. Шешімін ол күдіктінің ата-анасына да ашық айтқан.
«Жаназадан соң Пактың ата-анасы келді, мен сосын туыстарға оны кешіргенімді айттым. Жол апаты ауыр болды, ол апатта Пактың өзі де өліп қалуы мүмкін еді. Сонда кімді соттар едік?» — деді.
Ол бұл қайғылы оқиғадан тек қаза тапқан үш жастың және сотталушының анасы ғана шын зардап шегіп отырғанын атап өтті. Апаттың өте ауыр болғанын ескерген ол, егер айыпталушының өзі де жан тәсілім еткенде жауапқа тартатын ешкім қалмайтынын түсініп, осындай тоқтамға келген.
Бұған дейін Томиристің әкесі Пакты мүлдем кешірмейтінін айтып, 100 млн теңге өтемақы сұраған еді. Ал прокурор Пакты 10 жылға қамауды талап етті.
Сотталушының кәмелетке толмаған балаларының болуы жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді. Еске салайық, 21 наурыз түні Zeekr көлігі қарсы жолаққа шығып, Mercedes-пен соқтығысып, салдарынан үш адам көз жұмған еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық