Өзбекстанда әліпби өзгереді: 26 әріптің орнына 28 әріп болады
Фото: Өзбекстан әлеуметтік желі
Өзбекстан парламентінің Заң шығару палатасы латын графикасына негізделген өзбек әліпбиін жаңарту туралы заң жобасын үш оқылымда қабылдады. Құжат енді Сенаттың қарауына жіберілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Заң жобасына сәйкес, қолданыстағы өзбек әліпбиінің құрамы қайта қаралады. Жаңа нұсқада әліпби 26 әріп пен үш әріп тіркесінің орнына 28 әріп және бір апостроф белгісінен тұрады. Сонымен қатар, кейбір әріптердің қолданылу тәртібі нақтыланады.
Сондай-ақ бірқатар әріптердің жазылуы өзгереді. Атап айтқанда, қазіргі «Sh», «Ch», «Oʻ» және «Gʻ»таңбаларының орнына «Ş», «Ç», «Ö» және «Ğ» әріптерін енгізу ұсынылған. Бұдан бөлек, «Ng» әріп тіркесін қолданудан бас тарту көзделіп отыр.
Депутаттар реформаны кезең-кезеңімен енгізуді ұсынды. Осыған байланысты бұған дейін берілген жеке құжаттар, ұлттық валюта, бағалы қағаздар өз заңды күшін сақтайды.
Сондай-ақ белгіленген мерзім аяқталғанға дейін қолданыстағы мемлекеттік рәміздерді, маңдайшалар мен жол көрсеткіштерін пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл құжаттар мен басқа да материалдық тасымалдаушыларды жаппай ауыстырудан бас тартып, мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді.
Билік өкілдерінің айтуынша, әліпби реформасы өзбек тілін цифрландыру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. Егер заң жобасы Сенатта қолдау тапса, кейін президенттің қол қоюына жіберіледі.
Оқи отырыңыз:
Студент қос аяғынан айырылды: Арыс әкімінің ұлы неге күдікке ілінді?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық