Студент қос аяғынан айырылды: Арыс әкімінің ұлы неге күдікке ілінді?
Фото:Жеке мұрағаттан.
Астана–Павлодар тас жолындағы жол апатынан павлодарлық 20 жастағы студент екі аяғынан айырылды. Көлікті Арыс қаласы әкімінің ұлы Ердәулет Закиров басқарған. Жәбірленушінің туыстары істің әділ тергелуін талап етіп отыр, деп хабарлайды Orda.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодарлық 20 жастағы студент Талғат Емел Астана–Павлодар тас жолында болған ауыр жол апатынан кейін екі аяғынан айырылды. Күдікті ретінде Арыс қаласының әкімі Қайсар Манқараевтың ұлы Ердәулет Закиров тергеліп жатыр. Жәбірленушінің туыстары істің әділ тергелуіне күмән келтіріп, оны қоғамның бақылауына алуды сұрады.
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 29 мамырда болған. Сессиясын аяқтап, Павлодарға қайтып келе жатқан студент отырған Hyundai Tucson көлігі жол жиегіндегі металл қоршауға соғылған. Қоршау салонды тесіп өтіп, артқы орындықта отырған Талғат ауыр жарақат алған. Кейін дәрігерлер оның екі аяғын да шап тұсына дейін ампутациялауға мәжбүр болған.
Hyundai Tucson көлігін 22 жастағы Ердәулет Закиров басқарған. Ол – Арыс қаласының қазіргі әкімі Қайсар Манқараевтың ұлы. Талғаттың туыстары әкімнің қызметтік лауазымы істің объективті тергелуіне ықпал етуі мүмкін деп қауіптеніп отыр.
Іс Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Туыстарының айтуынша, прокуратура күдіктіні қамауға алуды сұрағанымен, сот оны үйқамаққа жіберген.
«Соңғы бір жылдың ішінде ол жол қозғалысы ережесін 29 рет бұзған. Прокуратура оны қамауға алуды сұрады, бірақ сот үйқамаққа жіберді. Оның алдында Астанадағы элиталық тұрғын үй кешенінен шұғыл түрде тіркеуден шығарып, Екібастұздағы туыстарының үйіне тіркеген», – дейді Талғаттың әпкесі Гүлсім Абайлдинова.
Туыстарының айтуынша, Талғатқа алдағы уақытта күрделі әрі қымбат протездер қажет болады.
«Қазақстанда бір протездің өзі шамамен 70 миллион теңге тұрады. Оның жарақаты өте ауыр болғандықтан, күрделі механизм қажет. Ал кінәлі тарап алғашқы кезде күн сайын хабарласып тұрса, қазір мүлде байланысқа шықпай қойды», – дейді әпкесі.
Ол сондай-ақ бауырының апаттан кейінгі жағдайын айтып берді.
«Талғат көлікте жалғыз қалған. Екі аяғынан айырылғанын көрсе де, сынған қолымен көліктен өзі шыққан. Ал жүргізуші еш жарақатсыз шетте тұрған. Егер алдымен өзін емес, бауырымды құтқаруға тырысқанда, мұндай жағдай болмас па еді», – дейді әпкесі.
Қазір студенттің жағдайы ауыр. Көп қан жоғалту салдарынан денсаулығында ауыр асқынулар пайда болып, есте сақтау қабілеті де нашарлаған. Оның ата-анасы ұлын күту үшін Астанаға көшкен.
Отбасы Бас прокуратураға, ІІМ-ге және сот органдарына жүгініп, «заң бәріне бірдей қолданылуы тиіс» екенін айтып, күдіктінің үйқамағының заңдылығын, тергеудің объективті өтуін және келтірілген шығынның толық өтелуін тексеруді сұрады.
Оқи отырыңыз:
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» өз алаңында «Сутьесканы» 2:1 есебімен жеңді
Мас болып екі көлікпен соқтығысқан Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалды
Жаңалықтар
- Exit poll нәтижесі жарияланды: Құрылтайға қанша партия өтті?
- ҚР ІІМ: Бірде-бір сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуға жол берілген жоқ
- Бостандық ауданында сайлау учаскесіне ЕҚЫҰ бақылаушылары келді
- Алматыда Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу белсенділігі түстен кейін арта түсті
- Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы Құрылтай сайлауы туралы не айтты?
- Тоқаев: Вице-президент баршаңыз жақсы білетін танымал адам болады
- Президент: Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады
- Тоқаев: Заңға сәйкес қайта сайлануға құқығым бар
- Тоқаев Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс беріп, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді
- Алматыда сайлау күні қоғамдық көлікте жүру тегін: Ақы төлеген жолаушыларға ақшасы қайтарылады
- ҚР ІІМ: Жағдай тұрақты, сайлау учаскелері тәулік бойы күзетіледі
- Қазақстан да бар: Сот 75 ел азаматтарына АҚШ визасын беруге салынған тыйымды жойды
- Найзағай ойнап, бұршақ жаңбыр жауады: 23 тамызға арналған ауа райы болжамы
- «Құрылтай сайлауы LIVE»: Жаңа бірпалаталы Парламентке дауыс беру
- Гандидің 600-ден астам қолжазба хаты аукционда рекордтық бағаға сатылды
- Алматыдағы MEGA сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды
- Павлодарда ломбард қызметкері 16 млн болатын жұрттың алтын бұйымдарын казиноға тігіп жіберген
- Ерекше ұрлық: Атырауда жедел жәрдем көлігінде сөйлей алмай жатқан адамның заттарын көзінше алып кеткен
- «Қазатомөнеркәсіп» Қытай мен Ресейге уран сату бойынша екі ірі мәміле жасайды
- Ақтөбеде әлем чемпионы атанған жас балуанға көлік сыйға тартылды