«Өз халқынан именетін мемлекеттің қасіретті халі»: Дуров Ресей билігіне жауап қатты
GETTY IMAGES
Павел Дуров Telegram-ды бұғаттауды және ресейліктерді басқа қосымшаға мәжбүрлі түрде көшіруді жақтайтын уәж ретінде Қытай мен оның мессенджері — WeChat мысалға келтірілгенін, алайда бұл салыстыру қате екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, WeChat «ұлттық мессенджер» болып тағайындалған жоқ және халыққа күштеп таңылған жоқ. Ол 2010 жылдардың басындағы еркін бәсекелестік жағдайында ондаған үміткердің арасынан (сол кезеңде ешқандай шектеусіз қолжетімді болған халықаралық мессенджерлер, соның ішінде WhatsApp та бар) қытайлық пайдаланушыларға ең үздік сервисті ұсына отырып, абсолютті көшбасшыға айналған.
Тек WeChat аудиторияның басым бөлігін табиғи түрде жинағаннан кейін ғана мемлекет өз қызметтерін осы платформаға біріктіре бастапты.
«Ресей маған қарсы «терроризмге жәрдемдесті» деген айыппен қылмыстық іс қозғады. Билік өкілдері ресейліктердің Telegram-ға қолжетімділігін шектеу үшін күн сайын жаңа сылтаулар ойлап табуда, осылайша жеке өмірге қол сұқпаушылық пен сөз бостандығы құқығын тұншықтыруға тырысуда. Бұл — өз халқынан қорқатын мемлекеттің аянышты көрінісі» деп жазды Дуров өзінің Х желісінде.
Сонымен қатар ол осыған ұқсас жағдай Корея мен Жапонияда да байқалғанын мысалға келтірді. Оның ойынша, бұл елдерде негізгі мессенджерлерге (нарықтың 90%-дан астамы) KakaoTalk пен LINE айналған. Бұл да шетелдік бәсекелестерді бұғаттаусыз және әкімшілік қолдаусыз жүзеге асты.
Бәсекелестік — инновацияның қозғаушы күші. Оны жою адамдардың өмір сапасы мен байланыс қауіпсіздігінің төмендеуіне ғана әкеледі.
Оның айтуынша, Ресейдікі сияқты халыққа сервисті директивті түрде таңу әрекетінің әлемдік тәжірибеде бұндай сәтті мысалы жоқ.
«Әлемде өз нарығында көшбасшы болған бар-жоғы үш жергілікті мессенджер бар. Олардың барлығы да шенеуніктердің тағайындауының емес, нарықтық бәсекенің нәтижесі» деп түйіндеді ойын Павел Дуров.
Еске салсақ, Telegram мессенджерінің тең құрылтайшысы Павел Дуровқа қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205.1-бабы («Террористік қызметке жәрдемдесу») бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық