Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті

cover Фото: Яндекс

Қазақстандық әнші Әділет Жауғашар өзінің «Сүй иә» әнінің мәтініндегі бір жолды өзгертті. Бұған дейін әнде «Сұлудың жоқ дегені — иә» деген жол айтылса, қазір оның орнына «Сұлудың жоқ дегенін сыйла» деген сөз қолданылып жүр, деп хабарлайды Orda.kz.

Яғни әннің жаңа нұсқасында қыздың «жоқ» деген жауабын қабылдап, оның таңдауын құрметтеу туралы мағынаға басымдық берілген.

Бұрынғы нұсқасы:

«Сұлудың жоқ дегені — иә»

Қазіргі нұсқасы:

«Сұлудың жоқ дегенін сыйла»

Ән мәтініндегі өзгеріс әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Жаңа нұсқада «жоқ» деген жауаптың нақты мағынасы бар екені және оны құрметтеу керегі айтылған.

«Өркениетті қоғамның құндылықтарына жат үндеу»

Қоғам белсендісі, блогер Роза Әшірбаева Instagram-дағы парақшасында осы жайлы жазба жариялап, бұл «өркениетті қоғамның құндылықтарына жат үндеу» екенін жазған еді.

«Өнер немесе шығармашылық еркіндігі деген пердені жамылып, қыздың «жоқ» деген нақты позициясын «иә» деп түсіндіру — өркениетті қоғамның құндылықтарына жат үндеу», — деген еді ол.

Осы орайда заңды сұрақ туындайды: Неге Рамазан Амантай мұндай мәтін жазады?

«Неге Әділет Жауғашар қылмыстық сипаттағы әрекетті әнге айналдырып, бейнебаян түсіреді?», — деп жазды коуч.

Сондай-ақ, Роза Әшірбаева бұл әнге шектеу қоюды талап етті.

«ҚР премьер-министрінің орынбасары — мәдениет және ақпарат министрі, құрметті Аида Ғалымқызы, Әділет Жауғашардың осы әнінің жастар арасында одан әрі таралуына шектеу қойып, стримингтік платформалар мен ротациядағы музыкалық контентте зорлық-зомбылықты нормализациялауға жол бермейтін тиімді этикалық регламенттер мен модерация тетіктерін енгізуіңізді сұраймын», — деп жазды ол.

Айта кетейік, «Сүй иә» әні Әділет Жауғашардың танымал шығармаларының бірі.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар