Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды

cover Фото: Ақорда

Құрылтай депутаттары төрағаның орынбасарларын сайлады, деп хабарлайды Orda.kz.

«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы»

Конституциялық заңның 11-бабына сәйкес, Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай өзінің орынбасарлары лауазымына Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Зәкиева кандидатураларын ұсынды.

Дауыс беру ашық форматта өтті. Депутаттар спикердің ұсынысын қолдады.

Осылайша Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Зәкиева Құрылтай төрағасының орынбасарлары болып сайланды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар