Прокурорлар Жақсылық Омарға алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
Фото: Ашық дереккөзден
Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты іс бойынша сот жалғасып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұрынғы шенеуніктің ірі көлемде алаяқтық жасады және ірі көлемде пара алды деп айыпталғаны белгілі.
Прокурорлар оған алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сотта Жақсылық Омар тергеу изоляторында болған уақыт ішінде болған жағдайды қайта ой елегінен өткізгенін, өз кінәсін шын жүректен мойындайтынын айтты.
Еске салсақ, биылғы 18 ақпанда ШҚО әкімінің орынбасарына қатысты тергеу басталғаны туралы ақпаратты ҰҚК растады. Сол кезден бері Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүрді.
2018–2024 жылдары Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарды. 2025 жылдың сәуіріне дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болды. Ал 2025 жылғы 7 сәуірден бастап ұсталғанға дейін ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Шенеуніктің есімі бұған дейін де резонансты іске байланысты аталған болатын. Айта кетсек, Өскеменде Үлбі өзені арқылы өтетін Шнайдер автокөлік көпірі құлаған болатын. Ал осы көпірдің құрылыс жұмысын бұрынғы шенеунік тікелей қадағалаған. Соңғы екі жылда көпірдің күрделі жөндеуіне 600 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық