Ошта саудагерлер құлпынай сатқызбаған фермерге базардан сауда орны берілді
Фото: Бейнеден кадр
Оштағы базарда құлпынай сатпақ болған фермерге басқа саудагерлер жабылып, өнімін таптап, өзін соққыға жықты. Оқиға қоғамда қызу талқыға түсіп, күтпеген жерден бсқаша сипат алып, қала әкімдігі зардап шеккен азаматқа базардан арнайы сауда орнын бөліп берді,деп хабарлайды Orda.kz.
Қырғызстанның әлеуметтік желісінде тарап кетккен базардағы оқиға Ош қаласында болған. БАҚ-мәліметінше, фермер базарға өзі өсірген құлпынайын сатуға келген. Алайда, бұл өзге сатушылардың наразылығын туғызып, жанжал соңы төбелеске ұласып кеткен. Саудагерлердің төрт-бесеуі жабылып, фермердің құлпынайын жан-жаққа шашып таптап, өзінің үстіндегі жейдесін жыртып тастаған.
Бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Саудагерлердің соққысының астында қалған фермерге таптап тастаған құлпынайдың ақшасын желі қолданушылары өздері жинап беруді ұсынып жазып жатты. Ал Ош қалалық ішкі істер басқармасы аталған оқиғаны тіркеуге алғанын хабарлады. Басқарманың мәліметінше, жанжалға қатысушылар анықталып, тергеу бөліміне жеткізілген. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, Ош қаласының әкімі Жанар Ақаев фермерлердің еңбегі, олардың кім екеніне және не өсіретініне қарамастан, әрдайым құрметтелуі тиіс екенін атап өтті.
«Мен қалалық милиция басшысымен сөйлестім. Заң аясында тиісті шаралар қабылданады. Ош тұрғындарына үндеу жасағым келеді. Біз бәріміз бір қалада тұрамыз. Қоғамдық көлікте де, базарда да, көшеде де, моншада да еш жерде агрессия болмауы тиіс. Бір-бірімізге құрметпен қарауымыз керек. Төбелес пен жанжал ешқандай мәселені шешпейді. Агрессия көрсеткендерге қатысты милиция заңға сәйкес шара қолданады», – деді Жанар Ақаев.
Осы оқиғадан соң фермерді базардың директоры арнайы шақырып оған сауда орнын берді. Бұл фермердің өзі өсірген құлпынайын сатып, адал еңбегімен табыс табуына мүмкіндік береді. Кейінірек фермерге базардағы өзіне бөлінген сауда орны көрсетілді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық