Алматының 34 жастағы тұрғыны өгей әкесін пышақтап тастады
Фото: Polisia.kz
Алматыда отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды. Қайғылы оқиға Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде түнгі сағат үш шамасында болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Пышақ жарақаты туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы келді. Дәрігерлер 59 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, ол көптеген пышақ жарақаты мен көп қан жоғалтудың салдарынан көз жұмды.
Жедел іздестіру шаралары барысында полиция күдіктіні қолға түсірді. Тергеу мәліметінше, ол марқұмның 34 жастағы өгей ұлы болып шыққан. Алдын ала анықталғандай, отбасылық жанжал кезінде ол өгей әкесіне асүй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған.
Бұл туралы 6 шілде күні қалалық полиция департаменті өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір күн бұрын түнгі сағат үште 102 арнасына Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесіндегі үйдің пәтерлерінің біріндегі жанжал туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы жетті.
Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан 59 жастағы ер адам көптеген пышақ жарақаты мен көп қан жоғалтудан қайтыс болды.
«Алмалы ауданы полицейлері жедел іздестіру арқылы күдіктіні ұстады. Ол марқұмның 34 жасар өгей баласы болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, отбасылық жанжал кезінде ол адамға ас үй пышағымен бірнеше рет соққы берген. Оқиғаның бір нұсқасы ретінде күдікті жанжалдың анасымен арадағы ұрыстан кейін туындағанын атап өтті. Бұл жағдайлар тергеу барысында мұқият тексеріледі» деп жазылған хабарламада.
Оқиғаның барлық мән-жайын тергеушілер анықтап жатыр.
Аталған факті бойынша адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.
Оқи отырыңыз:
- Үш күнде 2400-ден астам жасөспірім полицияға жеткізілді — себебі не?
- ӘЧ-2026: Биылғы чемпионаттағы он қызықты дерек
- Австралия премьері Кайли Миноугпен «төсектес болу» туралы қалжыңдаймын деп, басы дауға қалды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық