Оралда «тентек кәде» сұраған «әртістің» тісі үгітіліп, қабырғасы сынды
Бейнеден скриншот
Орал қаласында үйлену тойы кезінде өткізілген әзіл рәсімі ауыр зардаппен аяқталған төбелеске ұласты, деп хабарлайды Orda.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға той барысында «тентек кәде» рәсімі кезінде болған. Бұл күйеу жігіт пен қалыңдықтың туыстары бір-біріне әзіл жасап, көңілді тапсырмалар беріп, символикалық кәде сұрайтын жергілікті «дәстүр» екен. Оның мақсаты тойдағы көңіл-күйді көтеріп, екі әулетті жақындастыру.
Алайда күйеу жігіттің жақындарының бірі әзілді шынайы қабылдап, ашуға берілген. Екінші қатысушы қалжыңын жалғастыра берген кезде, ер адам өзін ұстай алмай, оның жағынан жұдырықпен бір қойған.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада ер адамның кәде сұраған «тентектің» бетіне соққы жасағаны көрінеді.
Салдарынан зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, оның бірнеше тісі мен қабырғалары сынған.
Қазір жанжалдың нақты мән-жайы мен денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесі анықталып жатыр.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы оқиғаға қатысты құқық қорғау органдарына ешқандай арыз немесе шағым түспеген.
Оқиғаға қатысушылардың жеке басы анықталған. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.
«Азаматтардың өз түсініктемесіне сәйкес, болған жағдай қойылым сипатында әрі қалжың ретінде ұйымдастырылған», деп хабарлады полиция өкілдері.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық