Нұржан Бексұлтанова халықаралық жүлдеге ие болды
Фото: Нұржан Бексұлтанова / Instagram
«Әбіл» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған актриса Нұржан Бексұлтанова маусымның 29-ы мен шілденің 5-і аралығында Вьетнамда өткен 3rd Danang International Film Festival халықаралық кинофестивалінде «Үздік актриса» аталымын жеңіп алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы «Әбіл» фильмінің режиссері Елзат Ескендір өз парақшасында былай деп жазды:
«Бір ай көлемінде екі бірдей актердің халықаралық фестивальдерден бірінен кейін бірі жеңімпаз жүлдесіне ие болуы — біз үшін зор қуаныш, күтпеген жаңалық», — дейді ол.
Режиссер сондай-ақ Нұржан Бексұлтанованың табиғи болмысы мен кәсіби дарынын ерекше атап өтті:
«Осыдан 3 жыл бұрын Нұржан кастингке келіп, одан кейінгі бейне тест кезінде мен оған: «Сіз глянцке ұрынбаған, әзірге кино келбеті сақталған аз актердің бірісіз, толық қанды театрға жұтылып кетпеңіз» деген едім. Сол сөзімнің айғағындай Вьетнамдағы халықаралық қазылар алқасы да Нұржанның еңбегін жоғары бағалапты. Мен бек ризамын!».
Нұржан Бексұлтанованың бұл жетістігі — қазақстандық кино үшін тағы бір үлкен мәртебе.
Еске сала кетсек, Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильміндегі басты рөлді сомдаған Ерлан Төлеутай Қырғызстанда өткен III Халықаралық Бішкек кинофестивалінде «Ең үздік актер» жүлдесін жеңіп алған еді. Ал «Әбіл» фильмі болса Jury Grand Prize, Critical Jury Prize және NETPAC Prize атты марапаттарды ұтып алды. Азия киносын насихаттап, таратқаны үшін де бір жүлде алды. Сондай-ақ фильм Франциядағы кинофестивальде гран-приді жеңіп алды.
Orda.kz тілшісі «Қазақфильм» аумағына кіре алмаған, халықаралық Азия кинофестивалінен үш бірдей жүлдемен оралған авторлық «Әбіл» фильмінің режиссері Елзат Ескендірге хабарласып, сұхбаттасқан еді. Ол «Қазақфильмге» қатысты шындықты, туып жатқан даудың неден шыққанын тарқатып айтып берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық