Ерлан Төлеутай Бішкектегі халықаралық кинофестивальде «Үздік актер» атанды
Фото: Елзат Ескендір / Facebook
Қазақстандық актер Ерлан Төлеутай Қырғызстанда өткен III Халықаралық Бішкек кинофестивалінде «Ең үздік актер» жүлдесін жеңіп алды. Ол марапатты режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильміндегі басты рөлі үшін иеленді, деп хабарлайды Orda.kz.
Марапатты фестиваль қазылар алқасының мүшесі, италиялық танымал кинопродюсер Паола Марина Спина табыстады.
Айта кетейік, «Әбіл» фильмі 2025 жылы ақпанда Францияда өткен 31-ші Vesoul халықаралық Азия кинофестивалінде де үш бірдей жүлдені еншілеген болатын: Қазылар алқасының бас жүлдесі, Киносыншылар жүлдесі және NETPAC қазылар марапаты.
Актер Ерлан Төлеутай мен режиссер Елзат Ескендірдің бұл табысы — қазақ өнерінің халықаралық деңгейде мойындалуының жарқын көрінісі болды.
Еске сала кетсек, белгілі режиссер Елзат Ескендір «Қазақфильм» аумағына кіре алмай жүргенін, бұл мәселенің түп-тамыры киностудия басшылығының қазақ тілді режиссерлерге деген көзқарасында жатқанын мәлімдеген еді. Ол тілшімізге берген сұхбатында осы «Әбіл» фильмін түсіргенде көрген қиындықтары мен мемлекеттен бөлінген қаржы жайлы ашық айтқан еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық