Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
Фото: Иран БАҚ-тары
Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасалғанын осымен үшінші рет мәлімдеді, алайда ақпарат ақиқаттан алшақ болып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Иранның кейбір дереккөздері де осы ақпаратты негізге алып, іліп әкетіп, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхунің кеңсесіне шабуыл жасағаны турал ақпарат таратты.
«Ақиқат уәде — 4» операциясының оныншы толқыны барысында қылмыстық режимнің премьер-министрі кеңсесі, сондай-ақ аталған режим армиясының әскери-әуе күштері қолбасшысы орналасқан жері «Хейбар» зымырандарымен нысаналы түрде атқыланды» деп корпустың мәлімдемесін мемлекеттік телерадио компаниясы IRIB келтірді.
Ислам революциясы сақшылар корпусы шабуылдың бүгін таңертең жасалғанын атап өтті. Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз екені де айтылды.
Кейін Иерусалимдегі дереккөз Израиль премьерінің кеңсесіне соққы жасалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Еске салсақ, жексенбіге қараған түні ирандық телеарна Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің қаза тапқанын хабарлады. АҚШ пен Израиль шабуылдарының құрбандары қатарында аятолланың қызы, күйеу баласы, немересі және келіні де бар.
БАҚ мәліметінше, зымырандар тек әскери нысандарға ғана емес, сонымен бірге Ислам Республикасындағы және өңірдің басқа елдеріндегі азаматтық инфрақұрылымға да тиіп жатыр. Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы америкалық базаларға соққы жасауда.
Еске салсақ, үш күн бұрын да Иран әскері Израиль премьер-министрі кеңсесіне соққы жасалғаны хабарланған болатын.
Ислам революциясы сақшылар корпусы таратып жатқан мәлімдемелер мен шынайы жағдайдың арасында көбіне ешқандай байланыс болмай жатқаны да рас. Олар таратқан кейбір ақпараттар артынша расталмай, керісінше ақпараттың дұрыс еместігі туралы мәлімдеме таралады.
Оқи отырыңыз:
- Иранның Тель-Авивке жасаған жауапты зымырандық шабуылынан 2 адам қаза тауып, 27 адам жараланды
- Трамп Иран басшысы қызметіне үш үміткер бар екенін мәлімдеді
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық