Иранның Тель-Авивке жасаған жауапты зымырандық шабуылынан 2 адам қаза тауып, 27 адам жараланды
Фото: Көрнекілік үшін
Израильдік БАҚ мәліметінше, Иранның баллистикалық зымыраны Тель-Авивтегі ғимараттардың біріне тікелей тиген. Содан 27 адам жараланып, 40 жастағы әйел мен шетелдік жұмысшы қаза тапқан. Ал Тегеранда шабуыл әскери нысандарға бағытталғаны мәлімделді, деп хабарлайды Orda.kz.
28 ақпан, сенбі күні кешке Иран жасаған кезекті зымырандық соққыдан кейін Тель-Авив тұрғындары қатты жарылыс дауысын естігенін хабарлаған. Израильдік БАҚ-тың дерегінше, ирандық баллистикалық зымыран тұрғын үй ғимаратына тікелей түскен.
Зардап шеккендердің бірі – 40 жастағы ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Израильдің құтқару қызметі – Маген Давид Адом (MDA) хабарлады.
Қаза тапқандардың бірі – Филиппиннен келген шетелдік жұмысшы. Екінші жергілікті тұрғынның қайтыс болғаны 1 наурыз күні таңертең белгілі болды. Ол ауруханада көз жұмған.
Түні бойы Иран тарапынан Израильге бағытталған шабуылдар жалғасты. Көптеген израильдіктер түнді қоғамдық бомбадан қорғайтын баспаналарда өткізген. Түн мен таңертең елдің орталық бөлігінде, Хайфада, Галилеяда, Голан жоталарында және Самарияда әуе дабылы қосылды.
«Арыстан айбыны» операциясы басталғалы бері алғаш рет Израиль қорғаныс армиясы Тегеранның дәл орталығындағы нысандарға соққы жасады. Ирандық БАҚ астанада қуатты жарылыстар болғанын хабарлады.
Еске салсақ, Израиль мен АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылдарынан кейін, жауап ретінде Иран бір күн ішінде Израильге 200-ден астам зымыран ұшырған.
Channel 13 телеарнасы жаңалықтарында бүгін таңертең Израиль мен АҚШ бастаған шабуылдардан соң Иран Израильге көптеген ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымырандар жібергені хабарланды.
Күні бойы Иран тарапынан Израильге 200-ден астам зымыран ұшырылуына байланысты ел аумағында әуе дабылы қосылып, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері іске қосылды.
Оқи отырыңыз:
- Иран Бахрейн, БАӘ, Катар және Кувейттегі Израиль мен америкалық базаларға жауапты соққы жасады
- Иран «өзін қорғауға заңды құқығы» бар екенін мәлімдеді
- Иран қарулы күштері Таяу Шығыстағы АҚШ-тың 14 әскери базасына cоққы жасады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық