Науқас отадан кейін ішінде қалған дәкемен екі ай қиналып жүрген
Фото: Медициналық сайттан
Қызылорда облысында ота кезінде науқастың денесінде дәке қалып кетіп, оны екі айдан кейін басқа клиникада алдырған. Отадан кейін әбден жаны қиналып, зардап шеккен науқас сотқа беріп, өтемақы талап етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қызылорда облысының тұрғыны хирургиялық операция кезінде денесінде дәке тампоны қалып қойғанын екі айдан кейін бірақ білген. Мұндай жағдай медицинада марлеома деп аталады.
Дәрігердің жіберген қателігінен науқас ұзақ уақыт бойы қатты ауырсынудан зардап шегіп, қанша емдесе де жазылмай қойған жарамен жүрген. Кейін оған қайтадан хирургиялық ота жасауға тура келген. Бұл ем-шараның ақысын ол өз қалтасынан төлеген.
Осыған байланысты азамат медициналық мекемеден материалдық шығынды өндіріп, моральдық зиянның өтемақысын төлеуді талап етті.
Сот анықтағандай, бастапқыда оған денесіндегі өспені (киста) алып тастау бойынша операция жасалған.
Алайда араға екі ай салып, ол басқа медициналық мекемеге жүгінуге мәжбүр болады. Сол жерде қайта ота жасалып, бұрынғы хирургиялық араласу кезінде қалып қойған дәке тампоны табылған.
Науқастың денесінде бөгде заттың болғаны ота хаттамасымен, медициналық құжаттармен, бейнежазбамен, сондай-ақ қайта ем жүргізген медициналық мекеме өкілінің түсініктемелерімен расталды.
Науқаста отадан кейін асқынулар болып, ұзақ уақыт жарасы жазылмаған, қабыну күшейіп, күн сайын таңу процедурасын жасау қажет болағн. Бұның бәрі медициналық құжаттармен және емдеуші дәрігердің түсініктемелерімен дәлелденді.
Медициналық қызмет көрсету сапасын бақылауға уәкілетті орган жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында медициналық көмек көрсету кезінде көптеген заңбұзушылық анықталды.
Атап айтқанда, операция кезінде міндетті медициналық стандарттар сақталмағаны, операциядан кейінгі бақылаудың тиісті деңгейде жүргізілмегені және медициналық құжаттардың талапқа сай толтырылмағаны анықталды. Күнделікті жазбалар толық жүргізілмеген, зерттеу нәтижелеріне клиникалық түсіндірме берілмеген. Сондай-ақ операция барысында алынған материалдарды зерттеу туралы мәліметтер де болмаған.
Сот ұсынылған дәлелдерді зерделей келе, жауапкердің кінәсі дәлелденді деген қорытындыға келіп, талап арызды қанағаттандырды.
Нәтижесінде медициналық мекемеден талапкердің пайдасына материалдық шығын мен моральдық зиянды өтеу үшін 1,5 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық