«Миы шайқалып, ауруханаға түскен». Боксшы Теміртас Жүсіповтің әйелі күйеуімен татуласқанын айтты
Фото: ҰОК
Боксшы Теміртас Жүсіповтің әйелі миы ісініп, басынан жарақат алып, денесі көгерген күйде ауруханаға түскенін мәлімдеген болатын. Енді ол күйеуімен татуласқанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлем чемпионы Теміртас Жүсіповтің жұбайы отбасылық жанжалдан кейін күйеуімен татуласқанын мәлімдеді. Соған қарамастан, полиция қозғалған қылмыстық істің тергелуі жалғасатынын айтты.
Айта кетейік, Теміртас Жүсіпов — бокстан Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы, Азия чемпионаттарының жеңімпазы және 2015 жылғы Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) чемпионы.
Бұған дейін боксшыға әйелінің келісімінсіз онымен байланысуға тыйым салатын қорғау нұсқамасы шығарылған болатын. 7 шілдеде әйел полицияға арыз жазып, күйеуіне қатысты шара қолданбауды сұраған. Алайда, Ақмола облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын және тергеу тоқтатылмайтынын хабарлады.
«Арыз берілгеніне қарамастан, отбасылық жанжал фактісі бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданады», — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жәбірленушінің әпкесі спортшының әйелін көкала қойдай қылып ұрып тастағанын айтқан еді. Ал Жүсіпов отбасында қиындық барын мойындағанымен, әйелінің ауыр жарақат алғанын жоққа шығарды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық