Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы қызметінен кетті
Коллаж Orda.kz
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымды небәрі бір жыл атқарды, әзірге ұлттық компанияның жаңа басшысы тағайындалған жоқ, деп хабарлайды Orda.kz.
«Самұрық-Қазына» АҚ жалғыз акционерінің шешімімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды.
Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы қызметіне 2025 жылғы 3 шілдеде тағайындалған еді. Ол бұл қызметте Нұрлан Сауранбаевтың орнын басты. Бұған дейін, 2024 жылдың маусымынан бастап ұлттық компания басқармасы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.
Алдыбергенов КТЖ жүйесіне 2024 жылы қайта оралды. Оған дейін, 2008–2019 жылдары «Кедентранссервис» АҚ-ны басқарған. Кейін көлік және өнеркәсіп саласындағы бірқатар компанияларға, оның ішінде «АвтоГазАлматы» мен Kazakhmys Maker кәсіпорындарына жетекшілік етті.
Қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жаңа басқарма төрағасы кім болатыны әзірге жарияланған жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық