Министрлік көлік жүргізушілерге үндеу жасады
Фото: Әлеуметтік желіден
Қазақстанда мектеп оқушыларының жолдағы қауіпсіздігін арттыруға және балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған «Балаларға назар аударыңыз!» акциясы басталды, деп хабарлайды Orda.kz ҚР ІІМ сілтеме жасап.
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалуына байланысты полиция балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды күшейтті. Негізгі назар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және балалардың жарақат алу қаупін азайтуға аударылып отыр. Іс-шараға мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің өкілдері де қатысуда.
Оқу жылы қарсаңында мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарының маңындағы бақылау күшейтіледі.
«Біздің басты міндетіміз – балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жүргізушілер жылдамдық режимі мен жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын, ең бастысы, көлік тізгінінде мұқият болып, жолда балалардың күтпеген жерден пайда болуына дайын болу керектігін есте ұстауы тиіс. Бұл – балаларымыздың өмірін сақтаудың басты кепілі», деп атап өтті ІІМ.
Сонымен қатар жаяу жүргіншілер өткелдерінің, жол белгілері мен жол таңбаларының жағдайы бақыланады. Мектеп автобустарының қауіпсіздігі және балаларды тасымалдау талаптарының сақталуы да тексеріледі.
Білім беру ұйымдарының жол инфрақұрылымын тексеру нәтижесінде 548 нұсқама берілгені атап өтілді.
«Ата-аналарға балаларға мектепте, көшеде, қоғамдық көлікте және интернетте қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске салып отырудың қаншалықты маңызды екеніне назар аударғымыз келеді. Балалардың қауіпсіздігі – барлығымызға ортақ жауапкершілік. Қауіпсіз оқу жылын қамтамасыз етуге бәріміз жауаптымыз» деп толықтырды ІІМ.
Бұған дейін жаңа оқу жылы басталар алдында Алматыда 300 мектеп автобусы тексеруден өткені хабарланған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық