Әуежайда бет-жүзбен 15 секундта тексеру: Қазақстанда жолаушылар үшін не өзгереді?
Фото: Үкімет
Қазақстан әуежайларында жолаушыларды бет биометриясы мен төлқұжат арқылы тексеруге арналған Q-Gate жүйелері енгізіліп жатыр. Жүйе тексеру уақытын 15-50 секундқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновке көлік саласын цифрландыруға арналған жобаларды таныстыру кезінде айтылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Q-Gate терминалдары жолаушының бет-жүзін биометриялық деректер арқылы сәйкестендіріп, төлқұжатын тексереді. Үкімет мәліметінше, бұл стандартты бақылаудан 4-5 есе жылдам.




Әуежайлардағы өзгерістер мұнымен шектелмейді. Көлік министрлігі жолаушылар мен шетелдіктерге арналған басқа да цифрлық шешімдерді таныстырды.
Атап айтқанда, QazETA платформасы арқылы визасыз елге келетін шетелдіктер Қазақстанға кірмес бұрын электрондық рұқсат құжатын онлайн рәсімдей алады. Құжатты елге келуге дейін 72 сағат бұрын алуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар көлік саласында жасанды интеллект негізіндегі Echelon Alpha жүйесі енгізілуде. Ол транзиттік әлеуетті болжауға, маршруттарды модельдеуге және әр бағыттағы сұранысты талдауға мүмкіндік береді. Қазір шамамен 30 перспективалы бағыт анықталған.
Жол саласында e-Joldar жүйесі іске қосылған. Ол автомобиль жолдарының жағдайын, қолданылған материалдардың сапасын және жөндеу жұмыстарына жұмсалған қаражатты бақылауға мүмкіндік береді. Қазір республикалық маңызы бар 41 мың шақырымнан астам жол цифрландырылған. Жыл соңына дейін бүкіл елдегі 185 мың шақырым жолды жүйеге қосу жоспарланып отыр.




Smart Cargo платформасы халықаралық жүк тасымалын онлайн бақылауға арналған. Ол 58 ақпараттық жүйенің деректерін біріктірген. Үкіметтің мәліметінше, жүйе жүктерді толық бақылауға, шекарадан өту жылдамдығын 30%-ға арттыруға және тасымалдаушылардың кезекте тұру уақытын 10 есеге қысқартуға мүмкіндік берген.
Теміржол саласында да цифрлық технологиялар енгізілуде. KinetiX жүйесі жылжымалы құрамды қашықтан диагностикалауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен станциядағы техникалық тексеру уақыты 30%-ға, ал қолмен өлшеу көлемі 70%-ға қысқарған.


Ал Trip Optimizer пойыз қозғалысын автоматтандыру үшін қолданылады. Жүйе жолдың профилін, пойыздың массасын және жылдамдық шектеулерін ескереді.
Премьер-министр Олжас Бектенов көлік саласын цифрландыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық қызметтер мемлекетін одан әрі құрудың басымдығын айқындады. Үкімет алдында экономиканың барлық салаларына пайдалы жасанды интеллект шешімдерін енгізу қарқынын жеделдету міндеті тұр. Бүгін таныстырылған көлік саласын технологиялық трансформациялау жобаларын қысқа мерзімде бүкіл ел бойынша ауқымды түрде енгізуді тапсырамын», — деді ол.
Үкіметтің мәліметінше, соңғы бес жылда көлік саласының жалпы өнімі үш есеге өсіп, 14 триллион теңгеден асқан. Осы кезеңде 5 мың шақырым теміржол және 5 мың шақырым автомобиль жолы жөнделген.
Алдағы үш жылда тағы 2,2 мың шақырым жаңа теміржол салу, транзит көлемін 77 млн тоннаға дейін жеткізу және теңіз порттарының өткізу қабілетін төрт есеге арттыру жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз:
Президент дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатындағы үздік жеңісімен құттықтады
ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады: Бес партия мандат алады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық