Министр тарап кеткен жеке деректерге қатысты пікір білдірді
Фото: ҰҚК
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин ҚР азаматтарының жеке деректері қалайша алаяқтардың қолына түскені туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның сөзінше, істің мән-жайын бірден анықтау мүмкін емес.
«Әзірге тергеу амалдары жүріп жатыр, сондықтан біз ақпарат бере алмаймыз. Тергеу нәтижесі бойынша, алдағы уақытта ақпарат жариялаймыз деген ойдамын. Қазір мен сіздерге ештеңені дөп басып айта алмаймын», – деді вице-министр Ростислав Коняшкин.
Сондай-ақ, тілшілер одан неліктен қорғаныс механизмі азаматтардың жеке мәліметтерін қорғай алмағаны жайлы және оған мемлекеттік органда істейтін тұлғалардың қатысы бар, жоғын сұрады. Оған жауап ретінде вице-министр алдын ала шешім шығарып, ХҚКО немесе басқа мекеменің жұмыскерлеріне айып тағып қажет емес екенін, жеке мәліметтерді таратудың түрлі жолы барын айтты.
«Жеке мәліметтерді алу заңсыз сайттар сілтемесі, QR кодтар немесе қоңыраулар арқылы да болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұған дейін микроқаржы ұйымдары мен жеке ақпараттық жүйелер арқылы да бұндай жағдайлар болған», – деді Ростислав Коняшкин.
Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК ҚР азаматтардың жеке деректерін сатумен айналысқан ұйымды анықтаған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда алаяқтық мақсатымен 4 млн қоңырау шалған қылмыстық топ ұсталды
- Елімізде балалардың атына жеке кәсіпкерлік рәсімдеуге болады
- Павлодарда кәсіпкердің өліміне 84 миллион теңге қарыз себеп болған
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық