Милан Олимпиадасының спорттық сайыстары басталды
Фото: ҰОК
Милан қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарының спорттық сайыстары басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Байрақты бәсекені бүгіннен бастап «Қазақстан» телерадиокорпорациясы тікелей эфирде көрсетеді. Жарыстарды еліміздің үздік спорт комментаторлары жүргізеді.
Сонымен қатар, Италияға арнайы барған түсірілім тобы Олимпиаданың атмосферасын көрерменге жеткізіп, спортшылармен эксклюзив сұхбаттар ұсынады. Бұл туралы корпорацияның Олимпиада ойындарының телетрансляциясына арналған ресми таныстырылымында мәлімделді.
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Олимпиаданы көрсетуге толық дайын. Екі арна да күн сайын Ақ ойындардың шолуын эфирге шығарады. Бұдан бөлек, көрермендерге арналған «Милан–Кортина–2026» студиялық бағдарламасы көрсетіледі.
Еске салсақ, 2029 жылы Қысқы Азия ойындары Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматыда өтеді. Бұл туралы Азия Олимпиада кеңесі мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық