2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының алауы Римде жағылды
Фото: ҚР ҰОК
Милан–Кортинадағы 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу салтанаты Римде өтті. Пьяцца дель Квиринале алаңында Олимпиада алауын Италия президенті Серджо Маттарелла жақты, деп хабарлайды Orda.kz ҚР ҰОК дерегіне сүйеніп.
Олимпиада алауы бұған дейін Грекиядан жеткізілген болатын. Эстафетаның алғашқы метрлерін ОИ-2026 ұйымдастыру комитетінің президенті Джованни Малаго мен теннисші Жасмин Паолини алып өтті.
Италия бойынша Олимпиада алауы эстафетасының ресми басталуы 6 желтоқсанға жоспарланған. Маршрут елдің негізгі мәдени және тарихи аймақтарын, соның ішінде ЮНЕСКО-ның көптеген Бүкіләлемдік мұра нысандарын қамтымақ.
2026 жылғы Олимпиада 6–22 ақпан аралығында өтеді.
Қазақстандық спортшылар Қысқы Олимпиада ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде атлеттеріміз барлығы сегіз медаль: бір алтын, үш күміс және төрт қола жеңіп алған болатын.
Еске салсақ, биыл Алматыда өткен фристайлдан әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдері тарихи жеңіске жетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық