Михаил Шайдоровтың мемлекеттен ресми қанша қаражат алатыны белгілі болды
Фото: Әлеуметтік желілерден
Михаил Шайдоров 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткені үшін мемлекеттен ресми ақшалай сыйақы алады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің қолданыстағы нормативтік актілерінде көрсетілген. Ереже бойынша, Олимпиада ойындарының алтын жүлдегеріне 250 мың АҚШ долларына баламалы көлемде сыйақы төленеді.
Қолданыстағы айырбас бағамына сәйкес, спортшыға шамамен 123,7 миллион теңге беріледі. Қазіргі таңда бұл медаль – 2026 жылғы ойындардағы Қазақстан құрамасының қоржынына түскен жалғыз жүлде. Жүлдегерлердің бапкерлеріне де мемлекеттік сыйақы қарастырылған.
Шайдоровты дайындаған маман – Алексей Урманов. 21 жастағы спортшы ерлер арасындағы жекелей сыннан топ жарып, Қазақстанға қысқы Олимпиададағы алтын медаль әкелді. Бұл – ұлттық құрама үшін 2018 жылдан бергі алғашқы жүлде. Ал алтын медаль соңғы рет 1994 жылы Лиллехаммер Олимпиадасы кезінде берілген еді.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Олимпиададағы жеңісі үшін «Барыс» орденімен марапаттады.
Оқи отырыңыздар:
- Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерге жоспарлы тексеру жүргізеді
- Спортшы, ережесіз жекпе-жек шебері Сабыржан Махметов көз жұмды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық