Ми-8 тікұшағы апаты: БҚО-да төрт адамның қазасына себеп болған іс сотқа жетті
Фото: freepik.com
Батыс Қазақстан облысында Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырағанына үш жарым жыл өтсе де тергеу тоқтамай, қылмыстық іс ақыры сотқа жолданды. Сол кезде осы оқиға салдарынан төрт адам қаза тапқан болатын, деп хабарлайды Orda.kz.
Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауына қатысты қылмыстық істі Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының №2 соты қарап жатыр. Сот отырыстары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабы бойынша өтуде.
Бұл бап теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі қозғалысы не пайдаланылуы бойынша қауіпсіздік қағидаларын бұзуға қатысты.
Еске салайық, 2023 жылғы 23 ақпанда «Қазавиақұтқару» тікұшағы Батыс Қазақстан облысында апатты жағдайда қонған. Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы тікұшақтың «ҚазТрансОйл» АҚ-ның тапсырысы бойынша құбырды әуеден тексеру жұмыстарын жүргізгенін хабарлаған.
Алғашқы ақпаратта оқиға салдарынан адам қаза болмағаны, бірнеше адамның зардап шеккені айтылған. Алайда кейін тікұшақтың апатты жағдайда қонуы кезінде төрт адамның қаза тапқаны, тағы екі адамның жарақат алғаны белгілі болды.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тікұшақ бортында алты адам болған. Оның бесеуі экипаж мүшесі, біреуі «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өкілі еді. Министрлік апат салдарынан «Қазавиақұтқару» қызметкерлерінің қаза тапқанын хабарлаған. Сондай-ақ ведомство зардап шеккендерді құтқару сәтінің бейнежазбасын жариялаған.
Оқиғаны сол кезде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру департаменті зерттеген.
Бұдан бөлек, оқиға бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабы «Екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан әуе кемесінің қозғалысы немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Тергеу Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасының қадағалауымен жүргізілген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық