Мемлекеттік Туды енді киімге жапсыруға тыйым салынады
Фото:ЖИ
Қазақстанда мемлекеттік туды пайдалану ережесі өзгерді, енді туды балконға ілуге болады, алайда киімге жабыстыруға тыйым салынды, деп хабарлайды Orda.kz.
13 шілдеден бастап Қазақстанда мемлекеттік туды пайдалану тәртібіне енгізілген жаңа өзгерістер күшіне енеді. Енді туды балконға 45 градус бұрышпен ілуге рұқсат етіледі. Алайда оны жарнамада, киім-кешекке, төсек-жабдыққа және тұрмыстық заттарға қолдануға тыйым салынады.
Қазақстан үкіметі мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранды пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Жаңа құжат 2007 жылғы 2 қазанда бекітілген мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларына түзетулер енгізеді. Қаулы 2026 жылғы 13 шілдеден бастап күшіне енеді.
Жаңа талаптарға сәйкес, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік туды ғимараттарда, тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда, оның ішінде балкондар мен салтанатты іс-шаралар өтетін орындарда 45 градус бұрышпен орналастыра алады.
Туды орналастыру кезінде мынадай талаптар сақталуы тиіс:
- Жеке тұрғын үйлерде ту жерден кемінде үш метр биіктікте ілінуі керек;
- Түнгі уақытта арнайы жарықтандыру міндетті емес;
- Ғимараттың сәулеттік немесе техникалық ерекшелігіне байланысты туды ілу мүмкін болмаса, оны
- Ғимарат маңындағы жеке ту тұғырына орналастыруға болады;
- Ту жерге, еденге, суға немесе басқа беттерге тимеуі тиіс;
- Туды тігінен орналастырған кезде ұлттық ою-өрнек матаның жоғарғы бөлігінде орналасуы қажет.
Сонымен қатар, қаулыда мемлекеттік туды пайдалануға болмайтын жағдайлар да нақтыланған:
- Мәдени, спорттық, қоғамдық және өзге де іс-шараларда коммерциялық мақсатта пайдалануға;
- Жарнамада қолдануға;
- Киім, төсек-жабдық, перде, дастарқан, кілемше немесе басқа да тұрмыстық бұйым ретінде пайдалануға;
- Бүлінген, жыртылған, кірлеген, өңі кеткен немесе басқа да ақауы бар күйінде ілуге;
- Қасақана бүлдіруге, өртеуге, жыртуға, жерге тастауға немесе мемлекеттік рәміз ретіндегі қадір-қасиетін төмендететін өзге де әрекеттер жасауға тыйым салынады.
Сондай-ақ, құжатта Қазақстан мемлекеттік туының бейнесін спортшылардың спорттық киімі мен жабдықтарында пайдалануға рұқсат етілетіні жеке норма ретінде бекітілді.
Өзгерістер мемлекеттік рәміздерді интернет-сайттарда, ақпараттық стендтер мен плакаттарда орналастыру тәртібіне де қатысты. Енді олар мынадай ретпен орналасуы тиіс: мемлекеттік Ту, мемлекеттік Елтаңба, мемлекеттік Әнұран.
Стендтер мен плакаттардың фоны көк түсте, ал жазулары алтын түспен рәсімделуі қажет. Мемлекеттік рәміздер орналасқан орындар эстетикалық талаптарға сай безендіріліп, шаруашылық бөлмелерден, дәліздер мен гардеробтардан алыс жерде орналасуы тиіс.
Оқи отырыңыз:
Ошта саудагерлер құлпынай сатқызбаған фермерге базардан сауда орны берілді
ХАМАС 20 жылдық биліктен бас тартуға дайын: Бұл не білдіреді?
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: Тағдыршешті сәтте әр адамның дауысы маңызды
- Қазақстанда медицина саласы цифрландырылып жатыр: Негізгі нәтиже қандай?
- Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан шығады?
- Астанада 350 үлескер 5 жыл күткен баспанасына прокуратураның араласуымен ғана қол жеткізді
- Қыркүйекте Қазақстанда не өзгереді?: Қазақстандықтарды күтіп тұрған 7 жаңалық
- Kanye West концерті Алматыға 5 млрд теңге пайда әкелді
- Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады
- Қазақстандықтар Кореяға EPS арқылы қалай жұмысқа орналаса алады? Министірлік талаптарды түсіндірді
- Нақты жобалар 2030-2040 жылдарға қалады: Алматының Бас жоспары қашан бекітіледі?
- Бүгін Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталады: Ертең — «тыныштық күні»
- Қазақстанда демалыс күндері жаңбырлы болады
- Қарағандыда полиция TikTok-та «қыз болып» қылымсыған еркекті ұстады
- Ақтастағы психиатриялық ауруханада тексеру жүргізіліп заңбұзушылықтар анықталды
- «Құрылтай» есімі сәнге айнала ма? Әзірге 10 адам бар
- Алматыда күйеу баласы енесін зорлады деген күдікке ілікті
- Автобуста төбелесіп, пышақ шығарған
- 290 миллион теңге салық: Қылмыскер Ресей Федерациясынан экстрадицияланды
- «Қалың мал бергенбіз»: Меркідегі 19 жастағы Мадинаның дүниесін қайын жұрты неге бермеді?
- Алматы мен Гонконг арасында жаңа тікелей әуе рейсі ашылады
- «Резеңке пәтерлердің» кесірі: Алматыда пәтерге тіркелетін тұрғындар санына шектеу қойылады